18 мамыр күні Академияда Ханнс Зайдель қорымен серіктестік аясында, Орталық Азия елдері мемлекеттік басқару саласындағы оқу орындары ректорларының жыл сайынғы кездесуі өтті. Делегация құрамында: Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры – Алмаз Насыров, Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистрлік бағдарламаларының жетекшісі – Адиля Абдиева, Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару институтының ректоры – Лутфия Абдулхоликзода, Орталық Азиядағы Ханнс Зайдель қорының жетекшісі – Доктор Макс Георг Майер болды.
Кездесу барысында, Академия өкілдері оқуға түсу үшін жалпы талаптары, Академияның Басқару институтының магистрлік бағдарламаларының ерекшеліктері, Академия мен Ханнс Зайдель Қорының арасындағы ынтымақтастық нәтижелері туралы ақпаратты ұсынды. Сондай-ақ, бейнебайланыс арқылы лекциялар/курстар өткізу сияқты ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланды. Академияның институционалдық серіктестері білім беру бағдарламаларының құрылымы және мемлекеттік қызметшілерді оқытудың жаңа тәсілдері туралы қысқаша ақпарат берді. Тараптар жемісті ынтымақтастық үшін бір-біріне алғысын білдіріп, серіктестік қатынастарды одан әрі дамытуға келісті.