Академияның Ассессмент-орталығында өткен Өңірлік кадр резервіне үміткерлерді іріктеу кезеңі сәтті аяқталды. Үшінші кезеңге қатысу үшін үміткерлер еліміздің 20 өңірінен келді.
Құзыреттілікті бағалауға барлығы 1001 үміткер тіркелген. Қатысушылар талдау және шешім қабылдау, көшбасшылық, белсенділік, қызметті басқару және сенімділік сияқты құзыреттіліктерді анықтауға мүмкіндік беретін ситуациялық кейстерді шешті. Бұл құзыреттіліктер Қазақстан Республикасынің заманауи мемлекеттік қызметшісінің моделі ретінде белгіленген.
Академияның жобаны әзірлеушілер тобы көрсетілген модельге сәйкес кандидаттарды сапалы бағалауға мүмкіндік беретін жаттығулар жинағын дайындады. Құзыреттілікті бағалауды осы саладағы әлемдік көшбасшы SHL халықаралық сертификаты бар кәсіби бағалаушылар пулы жүргізді.
Үміткерлерге келесі кезеңдерде сәттілік тілейміз!