Академияда MPP және MRD бағдарламасының магистранттарына арналған ашық дәріс өтті. Қонақ спикер – белгілі тарихшы, жазушы, «Қазақ тарихи қоғамы» ҚБ басқарма төрағасы Радик Жақсенбайұлы Темірғалиев.
Дәріс «Қазақстанның кеңістіктік дамуы тарихи ретроспективада» тақырыбы бойынша өтті.
Баяндама барысында магистранттарға қазіргі аймақтардың дамуы қазақ руларының тарихи қоныстануымен қалай сабақтас екені айтылды. Сондай-ақ спикер өткен дәуірлердегі экономикалық процестердің бүгінгі аумақтық және шаруашылық байланыстардың негізін қалай қалағаны туралы айтты.
Тыңдаушылар үшін бұл дәріс өңірлік дамудың өзекті мәселелеріне көпғасырлық тарихтың призмасы арқылы көз жүгіртуге және Қазақстанның болашағын оның өткенін терең түсінбей елестету мүмкін еместігін ұғынуға мүмкіндік берді.