Жаңалықтар

Трансформация 360 – үздіксіз даму

Бүгін Академияға ҚР Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясының делегация Даму күні аясында өткен шараларға қатысты. Екіжақты меморандум аясында Академияға арнайы экскурсия жасалды, дәрістер легі ұйымдастырылды.

Даму күні аясында алғашқы дәрісті Академияның вице-ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Оразалиева Эльмира Нұрланқызы адамның тұлғалық болмысы, қоғамдағы рөлі, мемлекеттік қызметтегі жауапкершілік мәдениеті және ұлттық құндылықтардың маңызы терең талқыланды.

Академияның Қоғаммен байланыс секторының коммуникациялар жөніндегі бас сарапшысы Дана Ғазиз көпшілік алдында еркін сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған практикалық тренинг өткізіп, магистранттардың коммуникативтік қабілеттерін жетілдіру бойынша тиімді әдістермен бөлісті.

Экономика ғылымдарының докторы, PRINCE2®️ аккредиттелген жаттықтырушысы Жанболат Даухарин «Трансформация 360 – үздіксіз даму» тақырыбында дәріс өткізіп, өзгерістерді басқару, жобалық ойлау және кәсіби өсу стратегиялары жөнінде құнды тәжірибесімен бөлісті.

Мұндай кездесулер Академиялар арасындағы академиялық және кәсіби байланысты нығайтып қана қоймай, білім алушылардың көзқарасын кеңейтіп, жаңа бастамалар мен тиімді тәжірибелердің қалыптасуына жол ашады.

«Даму күні» аясында «Diplomatic Тalks» тіл клубының кезекті кездесуі өтті. Тақырыбы – «Digitalisation and Payment System», Қазақстандағы цифрлық мемлекеттік қызметтерді енгізу және дамыту мәселелеріне арналды. Дипломатия институтының магистранттары елдің цифрлық трансформациясының негізгі бағыттарын, мемлекеттік басқаруда инновациялардың рөлін, сондай-ақ заманауи дипломатия мен халықаралық ынтымақтастықтағы цифрлық технологиялардың маңызын талқылады. Цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша идеяларымен бөлісіп цифрлық қызметтерді жетілдіру жолдарын қарастырды және заманауи технологиялардың тиімді дипломатиялық тәжірибедегі рөлін талқылады.


Your browser does not support SVGs