Тестілеу

Институт тестілеу рәсімдерін техникалық сүйемелдеу қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

Мемлекеттік әкімшілік қызметке кіретін кандидаттарды және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеуге жазу www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.

Тестілеуге жазылу үшін үміткерге:

  1. egov.kz порталына өту және «Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру» — «Мемлекеттік қызмет» бөлімін таңдау.
  2. «Мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу» қызметін таңдау.

Әрі қарай үміткер:

  • бағдарлама санатын таңдайды;
  • тестілеуден өтетін күн мен уақытты таңдайды;
  • «Мен заңды жауапкершілік шарттарын қабылдаймын» шарттарын қабылдайды;
  • «Жіберу» батырмасын басу арқылы тіркеуді аяқтайды.

Егер сіз НҚА білу бойынша тестілеуден өткен болсаңыз, бірақ тестілеудің екінші кезеңін жеке қасиеттерді бағалаудан өтпеген болсаңыз, онда сіз тек екінші кезеңге жазылуыңыз керек. Жазылу үшін www.egov.kz порталында «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» — «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде «Жеке қасиеттерін бағалау үшін тестілеуге жазылу» қызметін таңдау қажет.

  • Тестілеу ақылы негізде жүргізіледі, құны 1 (бір) үміткерге 1 (бір) тестілеу әрекеті үшін 5,500 теңгені құрайды.
  • Төлем банк арқылы немесе Kaspi немесе Halyk қосымшасы арқылы жүзеге асырылады;
  • Үміткерлерді тіркеуді тестілеу залының операторы жеке куәлік пен төлем туралы түбіртек негізінде жүзеге асырады;

Тестілеу Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы»Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 11:30 және 17:00-де өткізіледі.

  • Тестілеу ақылы негізде жүргізіледі, құны 1 (бір) үміткерге 1 (бір) тестілеу әрекеті үшін 5,500 теңгені құрайды.
  • Төлем банк арқылы немесе Kaspi немесе Halyk қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.
  • Үміткерлерді тіркеуді тестілеу залының операторы жеке куәлік пен төлем туралы түбіртек болған кезде жүзеге асырады.

Тестілеу Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 11:30-да және 17:00-де жүргізіледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ кандидаттарын тестілеу ақылы негізде жүргізіледі. Тестілеудің құны – 1 (бір) үміткерге 1 (бір) тестілеу әрекеті үшін 3 600 теңге.

Төлем банк арқылы немесе Kaspi қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Төлем жүргізілгеннен кейін төлем туралы түбіртекпен және жеке куәлігіңізбен өз қалаңыздағы тестілеу залына келу қажет. Тестілеу операторы сізді тіркеп, тестілеу үдерісін бастайды.

Тестілеу дүйсенбіден жұмаға дейін, күніне екі рет – сағат 11:30-да және 17:00-де өткізіледі.

Офлайн форматта тестілеуден өтуге арналған тестілеу залдары:

ӨңірЖаңа мекенжайлар
1.   Ақтау130000, Актау қ., 14-шағын аудан, 1-ғимарат
2.   Ақтөбе030020, Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі 86
3.   Алматы050008, Алматы қ., Достық даңғылы, 134, Пионер 2 БО, 4-қабат, 401-кабинет
4.Астана010000, Астана қ., Абай к-сі, 33а
5.Атырау060005, Атырау қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 419, 1-қабат
6.Қарағанды100012, Қарағанды қ., Можайский к-сі, 13 А үй
7.Көкшетау020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі 87, 1-қабат.
8.Қостанай110000, Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі 67, 2-үй. Тестілеу залы
 
9.Қызылорда120003, Қызылорда қаласы, Қ. Сәтбаев, 8-ғимарат, 1-қабат, 1-кабинет
10.Павлодар140000, Павлодар қ., Лермонтов к-сі 50, 1-қабат, 101-каб
11.Петропавл150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 38, 1-қабат, 5-каб, тестілеу залы, мәслихат ғимараты
12.Семей 150000, Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы, 42, 1-қабат, тестілеу залы
13.Талдықорған071410, Талдықорған қаласы, Ақсу көшесі, 2а үй
14.Тараз080000, Тараз қаласы, Рысбек батыр тұйық көшесі, 8 А
15.Түркістан161200, Түркістан қ., Облыстық аумақтық министрліктер үйі, В-блок, 2-қабат, 2123-каб
16.Орал090000, Орал қаласы, С. Тюленин көшесі, 1/4 үй
17.Өскемен070004, Өскемен қаласы, Назарбаев даңғылы, 4-үй
18.Шымкент160018, Шымкент қаласы, әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы, 3
19.Арқалық110301, Арқалық қаласы, Абай даңғылы 29, 3-қабат 310-каб
20.Жезқазған100602, Жезқазған қаласы, Алаша (хан) алаңы 1

Your browser does not support SVGs