Жаңалықтар

«Сөйле, Сурет» көрмесі – Академияда!

Академияның 30 жылдық мерейтойы аясында танымал суретші Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, Сурет» атты жеке көрмесі ашылды.

Академия ректоры Ерлан Әбіл суретшіні көрменің ашылуымен құттықтап, алдағы уақытта шығармашылық жұмыстарына табыс тіледі. Өз сөзінде суретші туындыларының идеялогиясымен, шығу тарихымен бөлісті.

Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, Сурет» көрмесі Академия тыңдаушыларына, магистранттары мен докторанттарына ой салып, қоғамдағы өзекті мәселелерге жаңа қырынан көрсете білді.

Әлеуметтік проблемаларға салынған суреттері, интернетте түрік, жапон, грузин, корей, ағылшын, португал және басқа да тілдерге аударылып, кеңінен тараған.

Айта кетсек, 2014 жылы әлеуметтік тақырыптарға салынған суреттер топтамасы «Сөйле, Сурет» деген атаумен алғаш рет Астанада қойылды. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда, шетелдерде 100-ден астам рет көрмеге қойылса, соның 40-қа жуығы дербес көрме ретінде көпшілік назарына ұсынылған.

Суретшінің шығармашылығы Корея, Италия, Бразилия, Панама, Мексика, Украина, Түркия, Приштина, Иран, Коста-Рика, Колумбия, Буенос-Айрес, Аргентина, Франция, Америка, Палермо, Ұлыбритания елдерінде өткен көрмелерде жұртшылық назарына ұсынылған.


Your browser does not support SVGs