Жаңалықтар

Нексус тәсілі бойынша тренинг өтті

8 желтоқсан күні Академияда су, энергетика және азық-түлік ресурстарын басқарудағы Нексус тәсілі (ойын) бойынша тренинг өтті. Тренингті Академия су ресурстары және қоршаған орта жөніндегі USAID Өңірлік жобасымен бірлесіп өңірдің тұрақты дамуына қол жеткізу мақсатында ұйымдастырды.

Шара мемлекеттік қызметшілердің басқару дағдыларын арттыру мақсатында Академияның білім беру процесіне Нексус тәсілдерін сәтті интеграциялау үшін білім беру мақсатында өткізілді.

Интерактивті симуляцияны Еуропалық Одақтың тапсырысы бойынша поляктардың «Жүйелік шешімдер орталығы» ұйымы әзірледі. Бұл елдер мен аймақтар арасындағы су, энергетика және азық-түлік ресурстарын басқарудың 5 түрлі сценарийін ойнаудың жеңілдетілген процесі.

Ойында әрбір қатысушы өзіне тиесілі рөлді алды және өз секторының мәселелерін қорғауды ғана емес, басқа қатысушыларды тыңдауды, өз ұсыныстарын дәлелдеуді және келісімге келуді үйренді. Симуляциялық ойын орташа есеппен 4-5 сағат өтті. Үстел картасын, түрлі-түсті чиптерді және карталарды пайдалану арқылы жүзеге асырылды.


Your browser does not support SVGs