Міндеттемелердің орындалуы жөнінде мәлімет

Құрметті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі!

 

Сізді Академиядағы оқуыңызды сәтті аяқтауыңызбен құттықтаймыз! Алған білім мен дағдыларыңыз мемлекет пен қоғамның игілігі жолында кәсіби қызметіңізде жетістіктерге жетелесін!

 

Оқу аяқталғаннан кейін міндетті түрде жұмыспен өтеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына, сондай-ақ Академия, оқуға жіберген мемлекеттік орган мен мемлекеттік қызметші арасындағы үшжақты шарттың талаптарына сәйкес мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының түлектері кемінде үш жыл мемлекеттік қызметте үздіксіз еңбек қызметінен өтуге міндетті.

Негізгі шарттар:

  • Жұмыспен өтеу тікелей оқуды аяқтағаннан кейін басталады;
  • Оқуға жіберген мемлекеттік органда кемінде бір жыл жұмыспен өтеу керек;
  • Басқа мемлекеттік органда жоғары тұрған лауазымға тағайындалған жағдайда, арада үзіліс жасалмай, жұмыспен өтеу сол жерде жалғастырылуы мүмкін.

 

Жұмыспен өтеу ерекшеліктері

  • Әлеуметтік демалыс кезеңдері міндетті жұмыспен өтеу мерзіміне кірмейді.
  • Жұмыспен өтеу мерзімі мемлекеттік қызметшінің растайтын құжаттарды ұсына отырып, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға жазған өтініші негізінде ұзартылуы (кейінге қалдырылуы) мүмкін.
  • Жұмыспен өтеу мерзімі мемлекеттік органның актісі бойынша қызметке ресми түрде оралған күннен басталады.
  • Оқуға жіберген мемлекеттік орган қайта құрылған жағдайда, жұмыспен өтеу соның құқықтық мирасқорында жалғасады.
  • Докторантура түлектері диссертацияны оқу бітіргеннен кейін екі жыл ішінде қорғауға міндетті. Бұл шарт орындалмаған жағдайда жұмсалған бюджет қаражаты өтеледі.

 

Міндеттемелерді мерзімінен бұрын тоқтату

Жұмыспен өтеу бойынша міндеттемелер мынадай жағдайларда бюджет қаражатын қайтармай тоқтатылуы мүмкін:

  • Мемлекеттік қызметшінің зейнеткерлік жасқа жетуі;
  • Мемлекеттік қызметшінің қайтыс болуы.

 

 

Жұмыспен өтеу мерзімін ұзарту (кейінге қалдыру)

Жұмыспен өтеуді кейінге қалдыруға өтініш пен келесі себептердің бірін растайтын құжаттар негізінде жол беріледі:

  1. Еңбек қызметіне кедергі келтіретін сырқатын емдеу — емдеу кезеңінде және емделуден кейін 3 айға дейін;
  2. Денсаулық жағдайы бойынша жұмыстан шығу — жұмыстан шығарылған күннен бастап 6 айға дейін;
  3. Негізгі жұмыскердің жұмысқа шығуына байланысты орнын босату — 6 айға дейін;
  4. Әлеуметтік демалыс — бүкіл демалыс кезеңіне;
  5. Әскери қызметке шақыру — әскерге шақыру кезеңінде және ол аяқталғаннан кейін 6 айға дейін.

Сырқаты болған жағдайда жұмыс істей алмайтындығы туралы қорытындысы бар ДКК анықтамасы ұсынылады.

Жұмыспен өтеу мерзімін ұзарту (кейінге қалдыру) туралы шешімді уәкілетті орган 7 жұмыс күні ішінде қабылдайды, ол жайлы хабарлама жазбаша түрде беріледі.

 

Жұмыспен өтеу мерзімі ұзартылғаннан (кейінге қалдырылғаннан) кейін жұмыспен өтеуді қайта бастау

Жұмыспен өтеу мерзімінің ұзартылуы (кейінге қалдырылуы) аяқталғанға дейін бір айдан кешіктірмей Академия түлекке жұмыспен өтеуді жалғастыру қажет екендігі туралы хабарлама жібереді.

Жұмыспен өтеу мерзімінің ұзартылуы (кейінге қалдырылуы) аяқталғаннан кейін түлек 5 жұмыс күні ішінде келесі әдістердің бірі арқылы жұмыс орнынан анықтама ұсынуы керек:

  • graduate@apa.kz электрондық пошта адресі арқылы;
  • kz («e-Otinish» сервисі) электрондық үкімет порталы арқылы;
  • Білім беру саясаты орталығына (№ 606 кабинет) жеке әкелу арқылы.

Анықтама уақытында ұсынылмаған жағдайда түлек оқуға жұмсалған қаражатты өтеуге міндетті.

 

Жұмыспен өтеуді мониторингтеу

Жұмыспен өтеуді бақылау үшін:

  1. Жыл сайын 15 маусым мен 15 желтоқсаннан кешіктірмей жұмыс орнынан анықтаманы graduate@apa.kz электрондық поштасына ұсыну керек;
  2. 3 жұмыс күні ішінде мемлекеттік орган актілерінің көшірмелерін жіберу қажет:
    • жұмыстан босатылғаннан кейін;
    • жоғары тұрған лауазымға немесе басқа қызметке тағайындалғаннан кейін;
    • әлеуметтік демалыс берілгеннен кейін.

 

 

 

 

Байланыс деректері

Оқу және жұмыспен өтеуге қатысты міндеттемелер бойынша мына телефон нөмірлеріне хабарласа аласыздар:

  • Жұмыспен өтеуді мониторингтеу: 8 (7172) 75-32-04
  • Білім беру саясаты орталығы: 8 (7172) 75-34-43

 

 

Құрметпен,

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясы

 


Your browser does not support SVGs