Бүгін Академияда Магистранттар мен докторанттар кеңесінің ұйымдастыруымен Күзгі бал кеші өтті. Мерекелік кеште білім алушылар өнер көрсетіп, вальс биледі. Академияға арнау өлеңін оқып, әуезді ән шырқады.
Қазылар алқасының шешімімен байқауға қатысушы 5 жұп түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
«Мемлекеттік саясат» білім беру бағдарламасының магистранттары Қожаханов Аслан мен Абланова Любовь Күзгі балдың ПАТШАСЫ МЕН ПАТШАЙЫМЫ атанды!
«ЕҢ ТАРТЫМДЫ ЖҰП» – «Адами ресурстарды басқару» білім беру бағдарламасының магистранттары Райымбек Әділет пен Бөкен Әсел
«ЕҢ СҮЙІКТІ ЖҰП» – «Өңірлерді дамыту» білім беру бағдарламасының магистранттары Бикеев Алдияр мен Нұрлан Аяулым
«ЕҢ СҮЙКІМДІ ЖҰП» – «Экономика» білім беру бағдарламасының магистранттары Бакешов Даурен мен Меңлібек Ақмарал
«ХАРИЗМАСЫ ЕРЕКШЕ ЖҰП»– «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының магистранттары Асылбеков Дастан мен Нұркен Қазына
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Қоңыр күзде ауа райы суытқанымен, жүректеріңіз жылулыққа толы болсын!