Жаңалықтар

Корея мемлекеттік басқару институтымен кездесу

Академияда Кореяның Мемлекеттік басқару институтының (KIPA) президенті Санг Хан Чой мен ректор Ерлан Әбілдің екіжақты кездесуі өтті. Кездесуде ректор KIPA өкілдерін Академияның негізгі қызметі мен оқу бағдарламаларымен таныстырды.

Корея Мемлекеттік басқару институтының Президенті Санг Хан Чой KIPA мемлекеттік басқару саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу институты және талдау орталығы екенін атап өтті. Институт мемлекеттік органдардың тапсырысы бойынша жобаларды жүзеге асыру арқылы мемлекеттік әлеуетті арттыруға және әкімшілік мәселелерді кешенді шешуге ықпал етеді.

Отырыста мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен зерттеулерге, жарияланымдарға және онлайн курстарға ерекше назар аударылды. Екі тарап мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру саласында тәжірибе алмасуға және осы бағыттағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді. Тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мен бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

 


Your browser does not support SVGs