Жаңалықтар

Корей елінің Адами ресурстарды дамыту ұлттық институты делегациясымен кездесу

ҚР Мемлекеттік басқару академиясына Корей елінің Адами ресурстарды дамыту ұлттық институтының (National Human Resources Development Institute, NHI) делегациясы келді.

Корей Адами ресурстарды дамыту ұлттық институтының Президенті Ким Чэ-Хван ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдеріне, Академия басшылығы мен қызметкерлеріне «Саясатта жасанды интеллектті пайдалану» тақырыбында презентация жасады.

Презентация барысында мемлекеттік секторда жасанды интеллектті пайдалану мәселелері талқыланды. Талқылау барысында Агенттік, Академия және NHI басшылығы мемлекеттік секторда ЖИ-технологияларын дайындау және оны пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ кездесуде екі ел арасындағы үздік тәжірибелермен алмасу және халықаралық ынтымақтастықты арттыру мәселелері қарастырылды.

Делегация мүшелері Академия вице-ректорларымен, Адами ресурстарды басқару институтының және Кәсіби даму институтының директорымен кездесіп, ортақ жобалар жүзеге асыру және мемлекеттік қызметшілерге арналған оқытулар ұйымдастыру туралы келіссөздер жүргізді.


Your browser does not support SVGs