Академияның 30 жылдығы аясында өткен Даму күнінде Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен кездесу өтті.
Дәріс барысында Елші Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтай жайлы айтып, ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, мемлекет жүргізіп отырған ұлттық саясаттағы түрлі ұлттық мүдделерге тоқталды.
«Ұлттық құрылтайдың негізгі мақсаты – әлеуметтік консолидацияны одан әрі дамыту үшін тың идеялармен жоспарларды әзірлеу, қоғамда туындайтын әлеуметтік қайшылықтарды шешу үшін жұмыс істеу. Биыл екі маңызды күн атап өтіледі. Оның біріншісі Беларусь Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл және Президенттік институттың 30 жылдығы. Бұл Беларусь Республикасының жаңа тарихының маңызды кезеңдері, ол Қазақстан Республикасы сияқты егеменді мемлекеттік даму жолында көркейіп келеді», – деді Елші өз сөзінде.
Кездесу соңында Павел Утюпин тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, табыс тіледі. Өз кезегінде Академия ректоры Ерлан Әбіл Елшіге Академияда дәріс оқығаны үшін алғысын білдірді.