Басқару институты – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асырады.
Миссиясы – болашақ мемлекеттік қызмет көшбасшыларын қалыптастыра отырып, өмірді жақсы жаққа өзгерту.
Көзқарасы – мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін жоғары кәсіби команда.
Институттың мақсаты – мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесу, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда ең заманауи әдістер мен оқыту технологияларын тиімді пайдалану.
Институттың міндеттері – мемлекеттік басқарудың ағымдағы және ұзақ мерзімді қажеттіліктерін ескере отырып, институттың бейініне сәйкес білім беру бағдарламалары бойынша жоғары кәсіби кадрлар даярлау; қызметкерлердің зерттеу әлеуетін дамыту; қазақстандық және әлемдік жетекші білім беру және зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты кеңейту.
Осы міндеттерге сәйкес институт келесі функцияларды орындайды:
- Академияға түсуге үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыруға қатысу;
- Магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесінұйымдастыру;
- Оқу процесіне интерактивті және инновациялық оқыту технологияларын енгізу;
- Отандық және шетелдік ұйымдармен бірлесіп қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
- Мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор ұйымдарымен, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен,зерттеу ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту.
Мемлекеттік және жергілікті басқару институты 2005 жылы құрылды. 2012–2013 оқу жылында Академияның Ғылыми кеңесінің шешімімен Мемлекеттік және жергілікті басқару институты қайта ұйымдастырылып, оның атауы Басқару институты болып өзгертілді.
Институт құрылған сәттен бастап магистратураның «Экономика» білім беру бағдарламасы және докторантураның «Мемлекеттік басқару» мен «Экономика» білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып келеді.
2017 жылы елімізде алғаш рет «Өңірлік даму» магистратура білім беру бағдарламасы енгізілді. Бағдарлама шетелдік өңірлік даму магистрлерін даярлау тәжірибесін, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ұсынымдарын және Еуропалық одақтың «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасының нәтижелерін ескере отырып әзірленді.
2019 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұсынымы бойынша елімізде алғаш рет «Адами ресурстарды басқару» магистратура білім беру бағдарламасы іске қосылды.
2025 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен «Цифрлық мемлекеттік басқару» жаңа білім беру бағдарламасы енгізілді. Бағдарламаның мазмұны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ұсынымдарын ескере отырып әзірленді.
Сонымен қатар, институтта «7М04118 – Өңірлік даму» магистратура білім беру бағдарламасы күндізгі-қашықтықтан оқыту форматы бойынша жүзеге асырылады, бұл кәсіби қызметті білім алу процесімен ұштастыруға мүмкіндік береді.
Басқару институты
1 жыл
2025 жылғы қабылдау
Докторантура
3 жыл
2023 жылғы қабылдау
2024 жылғы қабылдау
2025 жылғы қабылдау
Қажетті тәжірибе мен білім алу мақсатында, магистрлік жобаларында және докторлық диссертацияларында мазмұнды зерттеулер жүргізу үшін қолдану мақсатында, магистранттар мен докторанттар ғылыми тағылымдамадан Академияның серіктес жоғары оқу орындарында да, сондай-ақ қазақстандық ғылыми-зерттеу орталықтарында да өтеді.
















Біздің магистранттар Академияның серіктес жоғары оқу орындарымен бірлескен қос диплом бағдарламаларына қатысу мүмкіндігіне ие.


