Жаңалықтар

Академия Түркі мемлекеттері ұйымының IV HR кездесуіне қатысты

18 шілде күні Чолпон-Ата қаласындағы мемлекеттік резиденцияда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің адами ресурстарды дамытуға жауапты мемлекеттік органдары басшыларының IV кездесуі өтті. Кездесуге Академия вице-ректоры Ұлан Бекіш қатысты. Іс-шара түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, кадрлық саясат және адами ресурстарды басқару саласындағы тәжірибе алмасуға арналған халықаралық алаң болды. Кездесуді Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару агенттігі ұйымдастырды.

Кездесу барысында келесі маңызды тақырыптар жан-жақты талқыланды:

  • Түркі тілдес елдердегі мемлекеттік кадр жүйесін дамыту және реформалау;
  • Заманауи кадр саясатының артықшылықтары мен жаңа үлгілері;
  • Мемлекеттік басқару мен кадр жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу;
  • Мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау және үздіксіз кәсіби даму;
  • Тәжірибе және озық тәжірибелермен алмасу.

 

Кездесу қорытындысы бойынша түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру, кадрлық резервті қалыптастыру және дамыту, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламалары мен жобаларды іске асыру жөнінде келісімге келді.


Your browser does not support SVGs