НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мына пәндер бойынша профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
| Пәндер |
| Магистратураның білім беру бағдарламасы
«Экономика» |
| Стратегиялық жоспарлау және болжау |
| Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау |
| Әлемдік экономика |
| Экономикалық өсу және тұрақты даму |
| Аграрлық экономика |
| Сандық талдау әдістері |
| Бизнес-аналитика |
| Инвестициялық процестерді басқару |
| Салалар мен сфералардың экономикасы |
| Эконометрика |
| Мемлекеттік қаржы және бюджет |
| Коммуникацияларды басқару |
| Макроэкономикалық талдау |
| Тұрақты дамуды басқару |
| Ресми жазылым және дискурс |
| Магистратураның білім беру бағдарламасы
«Өңірлік даму» |
| Өңірлік экономика және кеңістіктік даму |
| Өңірді дамытудың қаржы құралдары |
| Ресми жазылым және дискурс |
| Магистратураның білім беру бағдарламасы
«Адами ресурстарды басқару» |
| Мемлекеттік басқару жүйесіндегі HR менеджмент |
| Таланттарды басқару |
| Сыни ойлау және аналитика |
| Ресми жазылым және дискурс |
| Магистратураның білім беру бағдарламасы
«Халықаралық қатынастар» |
| Халықаралық қатынастар теориясы |
| Кәсіби ағылшын тілі |
| Кәсіби коммуникациялар |
| Жаһандық державалардың сыртқы саясаты |
| Ресми жазылым және дискурс |
| Магистратураның білім беру бағдарламасы
«Мемлекеттік басқару» |
| Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық |
| Кәсіби коммуникациялар және ұйымдық мәдениет |
| Мемлекет пен жұртшылықтың бірлескен басқаруы |
| Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық |
| Жобалық менеджмент |
| Магистратураның білім беру бағдарламасы
«Мемлекеттік саясат» |
| Кәсіби коммуникациялар және ұйымдық мәдениет |
| Жобалық менеджмент |
| Саяси технологиялар |
| Мемлекеттік саясат |
| Мемлекеттік басқару |
| Ұйымдастырушылық мәдениет және этика |
| Ресми жазылым және медиадискурс |
| Экономикалық саясатты талдау және бағалау |
| Инвестициялық саясат |
| Тиімді басқару және уақытты басқару дағдылары |
| Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау |
| Докторантураның білім беру бағдарламасы
«Мемлекеттік басқару» |
| Академиялық жазылым |
| Докторантураның білім беру бағдарламасы
«Экономика» |
| Экономиканы реттеудің ақша-несие және қаржы құралдары |
| Қолданбалы эконометрикалық талдау |
| Салалар мен өңірлердің экономикасы |
| Мемлекеттің экономикалық саясаты |
| Академиялық жазылым |
| Экономикалық процестерді модельдеу |
| Докторантураның білім беру бағдарламасы
«Халықаралық қатынастар» |
| Қазіргі халықаралық қатынастар |
| Жаһандық интеграция процесі |
| Академиялық жазылым |
Біліктілік талаптары:
| Лауазымы | Білімі | Талап етілетін кәсіби тәжірибесі |
| Профессор
(5 бірлік) |
— ғылыми дәрежесінің, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесінің болуы;
— профессор, қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының болуы. |
— мемлекеттік қызметте немесе мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс өтілінің болғаны жөн. |
| Доцент
(8 бірлік) |
— ғылыми дәрежесінің, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесінің болуы;
— профессор, қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының болғаны жөн. |
— мемлекеттік қызметте немесе мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс өтілінің болғаны жөн.
|
|
Аға оқытушы (4 бірлік) |
— ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дәрежесінің болуы. | — ғылыми-педагогикалық саладағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы;
— мемлекеттік қызметте немесе мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс өтілінің болғаны жөн. |
| Ассистент
(5 бірлік) |
— ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дәрежесінің болуы. | — жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес;
— мемлекеттік қызметте немесе мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс өтілінің болғаны жөн. |
Тілдерді білуі: кәсіби деңгейде мемлекеттік, орыс және мүмкіндігінше ағылшын тілдерін меңгеру.
Конкурсқа қатысқысы келетін тұлғалар мына құжаттарды тапсырады:
1) Академия ректорының атына нысан бойынша өтініш;
2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы нысан бойынша немесе түйіндеме;
3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
4) пән бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын) келесі құрылым бойынша:
- білім беру бағдарламасы шеңберіндегі пәннің атауы мен сипаттамасы;
- пәнді оқыту мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері;
- пәнді оқыту әдістері мен құралдары;
- әр дереккөзге қысқаша аңдатпасы бар әдебиеттер тізім.
Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, біліктілігі және т.б. бойынша растаушы құжаттары бар қосымша ақпаратты беруге құқылы.
Конкурсқа құжаттар 2024 жылғы 31 мамыры – 14 маусымы аралығында қабылданады.
«ОПҚ конкурсына» белгісі бар құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады:
- электрондық пошта бойынша: hr@apa.kz
- пошта арқылы немесе қолма-қол (сағат 09:00 – 18:30): 010000, Астана қ., Абай даңғ. 33а, 705-каб.
Тел.: 8 (7172) 75-32-23,
8-705-289-27-01, 8-702-962-00-49
Құжаттардың тізімі толық ұсынылмаған жағдайда Академия кандидаттың өтінімін қарамауға құқылы.