Жаңалықтар

Академия екінші қадағалау аудитінен сәтті өтті

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ISO 37001:2016, ISO 37301:2021 стандарттары бойынша екінші қадағалау аудитінен сәтті өтті. Оның нәтижесінде Академияның халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін растайтын сертификаттарының қолданылуын растау туралы шешім қабылданды.

Бұл сертификат Академияның адалдық пен ашықтық қағидаттарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға және Академияның ерікті міндеттемелеріне берік екенін дәлелдейді.

Процестерді жетілдіру және комплаенс-стандарттардың жоғары деңгейін қолдау бойынша жұмыс жалғастырылады.



Your browser does not support SVGs