Жаңалықтар

Академияда Даму күні аясында бірқатар жаңа білім беру алаңдары іске қосылды

Дипломатия институтында «Diplomatic Talks» клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа клуб дипломатиялық және тілдік құзыреттерді дамытуға арналған платформа ретінде құрылып, халықаралық қатынастар бағытында білім алып жатқан магистранттар мен докторанттарға арналған пікірталас және білім беру алаңы қызметін атқарады.
Алғашқы кездесу «Global issues and Technology: Driverless cars» тақырыбында өтіп, қатысушылар жаһандық үрдістер, технологиялық даму және олардың халықаралық саясатқа әсерін талқылады.

Клубтың негізгі міндеттері:

  • ағылшын тіліндегі кәсіби сөйлесу дағдыларын дамыту;
  • болашақ дипломаттардың аналитикалық және сыни ойлау қабілеттерін жетілдіру;
  • халықаралық өзекті трендтерді тұрақты талқылау.

Алдағы уақытта «Diplomatic Talks» тұрақты форматта өткізіліп, қатысушыларға кәсіби коммуникацияны дамытуға арналған ашық орта қалыптастырмақ.

«Экономист+» сарапшылар алаңының VIII маусымы басталды

Академияның Басқару институты Даму күні аясында «Зерттеу жұмысы: дұрыс бағыт пен мазмұнды таңдау» тақырыбымен жаңа маусымның алғашқы отырысын өткізді.
Қатысушылар ғылыми бағытты анықтау, зерттеу әдістерін дұрыс қолдану, академиялық нетворкингтің маңызы жөнінде тәжірибе алмасты.

Магистранттар мен докторанттар келесі бағыттар бойынша жұмыс топтарын құрды:

  • Цифрлық трансформация
  • Аймақтық даму
  • Мемлекеттік басқару
  • Қаржы және макроэкономика
  • HR және мемлекеттік қызмет
  • Әлеуметтік сала

«QUQYQ QUIZ: Конституция және сайлау» зияткерлік викторинасы

Академияда Электоралдық оқыту орталығының ҚР Орталық сайлау комиссиясымен және Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп ұйымдастырған құқықтық викторинасы өтті.
Шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституция мен сайлау заңнамасын терең түсіндіру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.

Жүлдегерлер:
I орын – «HR-қырандары» (Адами ресурстарды басқару, 1 курс)
II орын – «Парасат» (Мемлекеттік саясат, 1 курс)
III орын – «Quqyq Академиктері» (Экономика және цифрлық мемлекеттік басқару)


Your browser does not support SVGs