Жаңалықтар

Қазақстан Республикасында дипломаттарды даярлау жүйесін құру тарихы

Бүгін Академияның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған  «Даму күні»  аясында ҚР мемлекет және қоғам қайраткері, Төтенше және Өкілетті Елшісі, филология ғылымдарының докторы  Мырзатай Жолдасбекұлымен кездесу өтті.

Кездесу барысында мемлекет және қоғам қайраткері Қазақстан Республикасында ең алғаш  дипломаттарды даярлау жүйесін құру тарихы туралы айтып, өз тәжірбиесімен бөлісті. 

«Ең алғашқы жылдары дипломатия Академиясын құру оңайға соққан жоқ. Себебі білікті кадрмен қоса білім алушылар да тапшы болды. Материалдық база мен  оқытатын жерді белгілеудің өзі қиынға түсті. Шетелдің тәжірбиесімен алмасып, ешбір оқу орнынан кем болмайтындай жабдықтап, елімізде дипламатия Академиясын құрдық»,-  деді филология ғылымдарының докторы. Дәріс соңында білім алушылар мен қызметкерлер  Мырзатай Жолдасбекұлына  алғыс білдіріп,  батасын алды.

«Даму күні» аясында Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері үшін «Smart Academy құралдарын пайдалану мүмкіндігімен оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. 

Әдістемелік семинар барысында Академияның коворкинг-орталық аймақтары таныстырылды. Бизнес алаң, конференц зал, freelance аймағы мен ондағы «Samsung Flip» смарт флипчарты, Optoma проекторлары және Zorgtech интерактивті бөлімі, ақылды трансформер-үстелдер көрсетілді.

Сондай-ақ проектор-маркер дисплейлі Бизнес алаң қабырғасының мүмкіндіктері мен Barco Clickshare сымсыз презентация жүйесі жайлы айтылды.  

Коворкингте орнатылған техникалық жабдықтар Академияның білім беру қызметінің сапасын арттыруға, келіссөздер мен кеңестерді демонстрациялап оқытуға, түрлі ақпараттармен бөлісуге мүмкіндік береді. Орталық аймақта іскерлік кездесулер, интеллектуалды ойындар, бизнесті басқару бойынша сабақтар, қашықтықтан оқытылатын сабақтар өткізіледі.

Freelance аймағында желіге сымсыз қосылған жабдықталған білім алушыларға арналған кеңістік, мұнда магистранттар мен докторанттар сабаққа дайындалып, әртүрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындайды.

Айта кетейік, әдістемелік семинарды Академияның Білім беру саясаты орталығы мен цифрлық технологиялар орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

 «Даму күні»  аясында ҚР Сыртқы  істер министрлігі  Коммуникациялар департаментінің директоры – министрліктің ресми өкілі Смадияров  Айбекпен кездесу өтті.

Кездесуде Айбек Серікбайұлы мемлекеттік органдардың баспасөз қызметіне тоқталып, Мемлекеттік сектордағы PR – дың негізгі мақсаттарын атап өтті. Мемлекеттік қызметкерлердің БАҚ-пен тиімді коммуникация орнатуы жайлы ақпарат айтып, өз тәжірбиесімен бөлісті.

Ол өз сөзінде кризистік  коммуникацияда жылдам әрекет ету мен ашықтықтың, тез және дәл жауап берудің маңыздылығын түсіндірді.


Your browser does not support SVGs