- Ғылыми артықшылық орталығы (бұдан әрі – Орталық) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (бұдан әрі – Академия) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Орталықтың қызметі Академияның Стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады.
- Орталықтың миссиясы: зерттеулердің сапасын арттыруға ықпал ету, отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, оқу және баспа ұйымдарымен ынтымақтастық орнатуға қатысу, сапалы білім беру қызметтерін, зерттеулерді ұсыну бойынша бақылау жүргізу.
- Орталықтың мақсаты – зерттеу компонентін дамыту арқылы Академияда ғылымды басқарудың тиімді жүйесін (research management) құру және білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға ықпал ету.
Академияның зерттеу қызметі келесі принциптерге негізделген:
- Нәтижелерге бағдарланған зерттеулер мен сараптамалық-талдамалық жұмысты басым дамыту;
- Өзекті қолданбалы зерттеулер жүргізу. Мемлекеттік билік органдарының, халықаралық ұйымдардың тапсырыстары бойынша жобаларды орындау үшін жобалық зерттеу топтарын дамыту;
- Білім алушы — магистранттарды, докторанттарды ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді тарту. Профессор-оқытушылар құрамы мен зерттеушілердің жарияланымдық және сараптамалық белсенділігін жандандыру.
- Білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға ықпал ету;
- Отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, оқу және баспа ұйымдарымен ынтымақтастық орнату бойынша жұмыстарға қатысу;
- Форсайт аналитика жүргізу және зерттеулердің, ғылыми жобалардың басым бағыттарын айқындау бойынша ұсынымдар әзірлеу;
- Сапалы зерттеулер мен білім беру қызметтерін ұсыну бойынша бақылау жүргізу.
- Академия мен филиалдардың ҒЗЖ бойынша ОПҚ және қызметкерлер үшін жұмыс жоспарларын, жүктеме нормалары мен көлемін келісу және мониторингілеу;
- Зерттеулерді басқару (research management) аясында ОПҚ-ның, қызметкерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстары мен мақалаларына мониторинг жүргізу;
- Ғылыми, инновациялық, инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды, ҚР ҒЖБМ гранттық және МҚБ жобаларын, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың гранттарын үйлестіру;
- Академия мен филиалдар қызметкерлерінің зерттеу және сараптамалық қызметін үйлестіру және жәрдемдесу;
- ОПҚ мен ғылыми қызметкерлердің ғылыми атақтар, сыйлықтар мен жеке гранттар алуға арналған конкурстарға қатысуы мен өтінімдер беруі бойынша жұмыстарды үйлестіру.
- Мемлекеттік басқару
- Мемлекеттік қызмет
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
- Ұлттық экономика және аумақтар экономикасы
- Халықаралық қатынастар
ЭКСПЕРТТЕР
- Әбіл Ерлан Қуанышұлы
- Кошербаева Айгуль Беделбаевна
- Джунусбекова Гульсара Аширбаевна
- Есенгельдина Анар Сатыбалдиновна
- Давлетбаева Жулдыз Жетпысбаевна
- Кошербаев Дастан Бакытбекулы
- Мамбетова Сагыныш Шубаевна
- Акыбаева Гульвира Советбековна
- Ставбуник Елена Анатольевна
- Кусаинова Лариса Ислямовна
- Искиндирова Жазира Жангалиевна
- Нурбек Куралай
- Хамбар Бахытгул
- Садвокасова Айгуль Какимбековна
- Садыкова Куралай
- Нуржан Куандыков
- Джаненова Салтанат