Басқару институты

          Басқару институты (бұдан әрі – Институт) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (бұдан әрі – Академия) магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайтын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

         Миссия – мемлекеттік қызметтің болашақ көшбасшыларын қалыптастыру арқылы өмірді жақсы жаққа өзгертеміз.

         Көзқарасы – мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге атсалысатын жоғары кәсіби ұжым.

         Институттың мақсаты – бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда оқытудың ең озық әдістері мен технологияларын шебер пайдалана отырып, мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосу.

         Институттың міндеттері мен функциялары – мемлекеттік басқарудың ағымдағы және ұзақ мерзімді қажеттіліктерін ескере отырып, институттың бейінін анықтайтын білім беру бағдарламалары бойынша жоғары кәсіби кадрларды даярлау, институт қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту, институт қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту,  жетекші қазақстандық және әлемдік білім беру және зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты дамыту.

          Институт жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады:

          Академияға түсу үшін үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыруға қатысу;

магистратура мен докторантура білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыру;

оқыту процесіне интерактивті және инновациялық оқыту технологияларын енгізу;

қолданбалы зерттеулерді, оның ішінде отандық және шетелдік ұйымдармен ұйымдастыру және жүргізу;

мемлекеттік органдармен, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту.

Білім беру бағдарламалары:

Магистратура
Докторантура

Халықаралық ынтымақтастық

Ғылыми тағылыдама

Өндірістік тәжірибе


Your browser does not support SVGs