Жаңалықтар

Академия магистранттарына арналған Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің дәрісі

Профессор Әлихан Байменовтің бастамасымен «Мемлекеттік саясат» курсы аясында Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты мәселелері бойынша көшпелі дәріс ұйымдастырылды. Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің магистранттарына дәрісті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Жақыпова Светлана Қабыкенқызы өткізді.

Дәріс Еңбек ресурстары орталығында өтті. Білім алушылар халықты қолдауға және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ведомствоның заманауи ақпараттық жүйелерімен танысты. 

Министрдің айтуынша, басты жобалардың бірі — Отбасының цифрлық картасы. Бұл жүйе азаматтарға төленген жәрдемақылар мен төлемдер туралы автоматты түрде хабарлайды. 

Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді біріктіріп, жасанды интеллектті қолдану арқылы тезірек және нақты жұмыс табуға көмектеседі.

Онлайн оқыту платформасы (skills.enbek.kz) сертификат алу мүмкіндігі бар 603 курсты ұсынады. Оның 271-і тегін. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау порталы (business.enbek.kz) гранттарға өтініш беруге және қаражаттың пайдаланылуын бақылауға көмектеседі. Мansap.enbek.kz  платформсы еңбек нарығының тенденцияларын зерттеуге және қолайлы мамандықтарды таңдауға көмектеседі. HR порталы (hr.enbek.kz) еңбек шарттарын жасасуды және штат кестесін басқаруды жеңілдетеді.

Светлана Жақыпова көші-қон процестерін бақылаудың маңыздылығын атап өтті. Бірыңғай платформа (migration.enbek.kz) ішкі және сыртқы көші-қон ағындарын талдайды. Сондай-ақ еңбек күші тапшы өңірлерге қоныстануға көмектеседі.

«Барлық цифрлық технологиялар үздік болып табылады. Біз Орталық Азия елдерінде де инновациялық шешімдерді масштабтауды жоспарлап отырмыз. Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас директоры Жильбер Унгбоның елімізге сапары барысында осы цифрлық шешімдерден оң әсер алғанын атап өтті. Алдағы жоспарымыз – ХЕҰ-ның Қазақстандағы жобалық офисін ашу», – деп атап өтті ведомство басшысы.           

Дәріс соңында министр магистранттардың сұрақтарына жауап беріп, цифрландыру мемлекеттік органдардың жұмысын жеделдетіп қана қоймай, оларды халыққа жақындататынын атап өтті. Айта кетейік, көшпелі дәрістің тақырыбы МСҰМ академиялық бағдарламасына сәйкес таңдалды. Академияда «Мемлекеттік саясат» курсын профессор Әлихан Байменов жүргізеді.


Your browser does not support SVGs