Page 20 - Диссертация
P. 20

-  Қылмыс  пен  әлеуметтік  шиеліністің  өсуіне  байланысты  әлеуметтік
                  мәселелер;

                        -  Мәдени-тарихи мұралардың жойылуы;
                        Урбанизацияның жылдам қарқынды өсуі, халықтын шамадан тыс көбеюі,
                  қоршаған ортаның нашарлауы және әлеуметтік тұрақсыздық сияқты бірқатар
                  проблемаларға  әкеледі.  Бұл  сыни  қауіптер  қала  тұрғындарының  өмір  сүру
                  сапасына және әлеуметтік- экономикалық дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін
                  [29].
                        Сейітқазы  Д.  зерттеуінде  қазіргі  уақытта  бүкіл  әлемде  қала  халқының
                  қарқынды өсуі жағдайында жайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету үшін
                  «ақылды  қала»  ұғымын  терең  түсіну  қажеттілігі  атап  өтіледі.  Алайда  бұл
                  тұжырымдама  әлі  де  қалыптасу  сатысында  тұр.  Сонымен  қатар,  аталған
                  термин  әртүрлі  елдер  мен  қалаларда  түрлі  урбанистік  құрылымдар  мен
                  мазмұндық  интерпретациялар  аясында  қолданылып  келеді  [30].  3-кестеде
                  «ақылды қала» ұғымының әртүрлі синонимдері келтірілген. «Smart» термині
                  кей  жағдайларда  «digital»  (сандық),  «connected»  (байланысты)  немесе
                  «intelligent»  (интеллектуалды)  сияқты  сын  есімдермен  алмастырылады.
                  Тұрақты ақылды қалалар — бұл мемлекеттік және жеке сектор субъектілері өз
                  қызметі  мен  ресурстарын  ашық  инновациялық  платформада  үйлестіретін,
                  үздіксіз дамып отыратын динамикалық үдерістер нәтижесінде қалыптасатын
                  урбанистік  құрылымдар.  Ақылды  қала  тұжырымдамасы  ХХ  ғасырдың  60-
                  жылдарында технологиялық революцияның басталуымен пайда болды. 1990
                  жылдары ақпараттық технологиялар қала құрылысы процесінде маңызды рөл
                  атқара  бастады,  өйткені  технологияларды  қолданудың  тиімділігі  қоршаған
                  ортаны адамның зиянды әсерінен қорғаудың маңыздылығы туралы білімнің
                  артуымен сәйкес келді және қала тұрғындарының қанағаттануын арттыруға,
                  қалалық функцияларды жүзеге асыруға бағытталған [31].
                        Ақылды қаланың басты мақсаты – халықтың жоғары өмір сүру сапасын
                  қамтамасыз  ету.  Ақылды  қаланың  құрамдас  бөліктері:  «ақылды  басқару»,
                  «ақылды өмір», «ақылды экономика», «ақылды орта», «ақылды ұтқырлық».
                  Ақылды қала – бұл ең алдымен қалалық инфрақұрылым: көлік, білім беру,
                  денсаулық  сақтау,  ұтқырлық  жүйелері,  қауіпсіздік  және  т.б.  қалалық
                  интеграция туралы түсінік. Ақылды қалаларды дамыту технологияларын екі
                  топқа бөлуге болады:
                        1. Қалалық жүйелердің дамуы мен өзара әрекеттесуін жүйелі басқару;
                        2.  Қала  ортасының  қалыптасу  режимдерін  өзгерту  және  аймақтардың
                  құрылымдық дамуы.
                         Ақылды  қала  тұжырымдамасының  құрылымдық  элементтерін  2007
                  жылы Вена техникалық университетінің Аймақтық зерттеу орталығы анықтап,
                  ақылды  қала  моделін  құруға  негіз  болды  [9,р.160].  Ақылды  қала
                  тұжырымдамасына  авторлардың  жалпылама  анықтамалары  3-кестеде
                  көрсетілген.




                                                                20
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25