Page 90 - Dissertation
P. 90

индекстердің   мәндерін   2019   жылғы   мәндермен   салыстыратын   болса,   онда
                  барлық   бағыттар   бойынша   көрсеткіштердің   айтарлықтай   өсуі   байқалды,
                  өйткені 2019 жылғы көпбұрыш 2023 жылғы көпбұрыштың тереңінде жатыр.
                        Ең үлкен өсуді 2023 жылы индекс мәні 0,984 болатын ақылды басқару
                  бағыты көрсетті. Даму бойынша екінші орынды индекс мәні 0,977 болатын
                  ақылды ұтқырлық санаты алады. Үшінші орында – ақылды экономика, индекс
                  мәні   0,906.   Төртінші   орын   –   ақылды   адамдар,   индекс   мәні   0,857.   Бесінші
                  орында индекс мәндері 0,82 болатын ақылды   орта және АКТ бар. Ақылды
                  өмірлік белсенділік санаты 2022 жылғы деңгейден жоғары болды, бұл өсуді
                  көрсетеді, бірақ 2021 жылғы деңгейден төмен.
                        Ақылды   қаланы   анықтауға   қолданыстағы   тұжырымдамалық   тәсілдерді
                  топтастыру   нәтижелері   бойынша   зерттеу   авторы   сәйкессіздіктер   мен
                  кемшіліктерді атап өтті, бұл ақылды қала туралы білімді жүйелеу және әмбебап
                  анықтаманы тұжырымдау қажеттілігіне әкелді. Ақылды қаланы экологиялық,
                  әлеуметтік-экономикалық   және   ақпараттық-технологиялық   қауіпсіз   тіршілік
                  ету   ортасын   құру   шеңберінде   адам   әлеуетін   дамытудың   күрделі
                  ұйымдастырушылық   жүйесі   ретінде   анықтау   ұсынылды.Кез-келген   күрделі
                  ұйымдастырушылық  жүйе басқарылатын  және болжамды болуы керек,  бұл
                  нақты   жағдайды   бағалаудың   тиісті   әдістері   болған   жағдайда   ғана   мүмкін
                  болады.Қолданылған   әдістеменің   артықшылығы-100-ден   1000   мың   адамға
                  дейінгі кез-келген экономикалық дамыған қала үшін қолданудың әмбебаптығы.
                  Бұл әдістемеде ақылды қаланы бағалау үшін әлеуметтік, саяси, экономикалық

                  және мәдени өмірдің негізгі салаларының өлшемдері, сандық және сапалық
                  көрсеткіштері   анықталған.   Қолданылған   әдіс   қаланың   дамуындағы
                  сәтсіздіктердің   себеп-салдарлық   байланыстарын   анықтауға,   даму
                  тенденцияларын анықтауға және ақылды қала критерийлері бойынша қаланың
                  дамуын   болжауға   мүмкіндік   береді.   Қолданатын   бағалау   әдістемесі
                  статистикалық   қол   жетімді   101   көрсеткіш   бойынша   бағаланған   Еуропалық
                  қалаларды   саралау   жүйесінің   7   критерийіне   негізделген.   Әрбір   критерий
                  бойынша қажетті ақпаратты қорытындылауға және оған көрнекі сипат беруге
                  мүмкіндік беретін интегралды индекс есептеледі. Сонымен, ақылды қаланың 7
                  индексі есептелді: «ақылды экономика», «ақылды басқару», «ақылды орта»,
                  «ақылды адамдар», «ақылды ұтқырлық», «АКТ». Ақылды қаланы бағалаудың
                  бұл әдістемесі қала дамуының тенденцияларын ретроспективада талдауға және
                  даму   көрсеткіштері   бойынша   негізгі   проблемаларды   анықтауға   мүмкіндік
                  береді.   Ақылды   қаланы   бағалау   көрсеткіштерін   талдау   кезінде   интегралды
                  индексті енгізу анықталған сәтсіздіктер бойынша шешім қабылдау процесін
                  едәуір жеңілдетуге және жеделдетуге мүмкіндік береді. Бұл жасаған есептеулер
                  барысында   алынған   нәтижелер   халық   саны   бойынша   әртүрлі   қалаларды
                  салыстыруға,   сәтсіздіктерді   және   қалаларды   ақылды   қала   критерийлері
                  бойынша саралауға ықпал ететін факторларды анықтауға мүмкіндік береді.








                  90
   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95