Page 92 - Dissertation
P. 92
Сурет 26 - Ақылды қала құрылымдық элементтері
Ескерту – Дереккөз негізінде автормен құрастырылған [167,р. 383]
Жүргізілген әдіс зерттеуде қойылған мақсаттарға жету үшін маңызды. Бұл
зерттеу мақсаттар мен гипотезаларды тексеруді, деректер жинау әдісін
анықтауды, сауалнама нысанын пайдалануды, кодтауды, деректерді
ұйымдастыру және талдауды қамтиды. Зерттеуде қолданылған әдістемені
төмендегідей қорытындылауға болады. Зерттеуде пайдаланылған сауалнама
мазмұны екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлімде сауалнамаға қатысушылар
туралы демографиялық ақпарат берілген. Екінші бөлімінде ақылды қала
элементтері бойынша шешімдерді 56 сұрақтан қамтитын Likert шкаласы
пайдаланады. Жауап нұсқалары: 1. Толық келіспеймін 2. Келіспеймін 3.
Шешімім жоқ 4. Келісемін 5. Толықтай келісемін.
Зерттеу моделі шеңберінде 2022 жылғы 28 қарашада Түркістан қаласы,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
этикалық комиссиясының оң шешімі негізінде. Алынған 1000 сауалнама
бағаланды және талдау кезеңінде 324 сауалнама толық емес немесе дәл емес
деп анықталды, бұл оларды одан әрі талдаудан шығаруға әкелді. Демек, талдау
676 сауалнаманы қолдана отырып жүргізілді.
Талқылау
Түркістанда, Алматыда және еліміздің басқа аймақтарында тұратын
азаматтардың ақылды қалаларды қабылдауына әсер ететін факторлардың рөлін
анықтау үшін қатысушыларға ұсынылған сауалнамалардан алынған мәліметтер
SPSS 22.0. (Әлеуметтік ғылымдардағы статистикалық пакет) көмегімен
кодталды және талданды. Деректерді енгізу аяқталғаннан кейін талдауда
қандай статистикалық сынақтарды қолдану керектігін анықтау қадамы
басталды. Осы кезеңде зерттеу деректерін талдауда пайдаланылған
статистикалық сынақтар ақылды қала өлшемдеріне сәйкестік сезімі мен ақылды
қаланы қабылдау арасындағы өзара әрекеттесуді анықтау үшін корреляциялық
және регрессиялық талдау ретінде анықталды.
Қатысушылардың демографиясы. Сауалнама нәтижелері талданды және
676 зерттеуге қатысушылардың демографиясы кестелер мен графиктер арқылы
төменде берілген. Демографиялық ақпарат шеңберінде жауаптарды жыныс,
жас, тұрғылықты жері, білім деңгейі, ағымдағы бөлім бойынша бөлу
талқыланады.
Кесте 9 - Сауалнама респонденттерінің демографиялық сипаттамасы
92