Page 47 - Dissertation
P. 47

Ақылды   қалалар   азаматтардың   өмір   сүру   деңгейін   айтарлықтай
                  жақсартады.   Енгізілген   цифрлық   шешімдер   қоғамдық   қызметтерге
                  қолжетімділікті арттырады, энергияны үнемдеуді оңтайландырады, сондай-ақ
                  көлік   инфрақұрылымын   оңтайландырып,   жол-көлік   оқиғаларының   санын
                  азайтады.   Бұдан   бөлек,   ақылды   қалалар   қалдықтарды   қайта   өңдеу,   су
                  ресурстарын   үнемдеу   және   ауа   сапасын   бақылау   арқылы   экологиялық
                  жағдайды жақсартады. Мысалы, Қазақстанның ірі қалаларында ақылды басқару
                  жүйелерін   енгізу   жергілікті   әкімшіліктердің   жұмысының   тиімділігін
                  арттырады.   Тұрғындардың   қажеттіліктері   мен   қала   инфрақұрылымының
                  жағдайы   туралы   нақты   уақыттағы   деректерге   қолжетімділік   қала
                  әкімшіліктеріне жылдам шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Осы арқылы
                  тұрғындар сұраныстарын қанағаттандыру деңгейі жақсарады, ал әкімшіліктер
                  қаржылық және адам ресурстарын үнемдеп, сапалы қызмет көрсетуге бағыттай
                  алады.
                        Мемлекеттік реттеу бұл процеске тұрақтылық пен ұзақ мерзімділік береді.
                  Ақылды   қала   жобаларының   табысты   болуы   заңнамалық   және
                  инфрақұрылымдық қолдауға байланысты. Мемлекеттік орган реттеудің басты
                  рөлін атқарып, ресурстарды бағыттау және үйлестіру арқылы жеке сектор мен
                  азаматтардың ынтымақтастығын нығайтады. Мемлекет тарапынан бекітілген
                  заңдар мен нормативтер ақпараттық қауіпсіздік, деректерді басқару және жеке
                  ақпаратты қорғау саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Қазақстанның
                  қалаларында   ақылды   шешімдерді   енгізу   кезінде   бұл   реттеу   азаматтардың

                  деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сенім деңгейін арттырады.
                        Ақылды қалалар тұжырымдамасын Қазақстанда дамыту үшін мемлекеттік
                  реттеу жүйесін жетілдіру аса маңызды. Ақылды қалалар тек технологиялық
                  шешімдерді ғана емес, сонымен бірге қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерді де
                  талап   етеді.   Мемлекет   бұл   процесті   қолдау   үшін   келесі   реформалар   мен
                  шараларды қолға алуы тиіс:
                        - Қазақстан   қалаларында   заманауи   цифрлық   инфрақұрылымды   дамыту
                  бірінші кезекте тұр. Бұл жоғары жылдамдықты интернет желілерін кеңейту,
                  ақылды қала жобаларының барлық секторларына қолжетімді технологияларды
                  енгізу және инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялар тарту арқылы жүзеге
                  асырылады.   Ақылды   қалалардағы   технологиялық   процестерді   реттеу   үшін
                  деректерді   қорғау,   ақпараттық   қауіпсіздік   және   дербес   ақпаратты   басқару
                  бойынша заңнамалық өзгерістер енгізілуі тиіс. Қазақстанда цифрлық деректерді
                  қорғау мәселелері маңызды болып табылады, себебі бұл тұрғындар мен бизнес
                  үшін сенім деңгейін арттырады.
                        - Қаланың ақылды шешімдерін қолдану үшін тұрғындардың ақпараттық
                  сауаттылығы   жоғары   болуы   қажет.   Мемлекет   ақпараттық   кампанияларды
                  қолдап,   мектептер   мен   жоғары   оқу   орындарында   цифрлық   білім   беру
                  бағдарламаларын   енгізуі   керек.   Жеке   сектордың   инновациялық   жобаларға
                  белсенді қатысуын ынталандыру, салықтық жеңілдіктер беру және гранттық
                  бағдарламаларды дамыту арқылы ақылды қала жобаларының экономикалық
                  негізін нығайту қажет.   Мемлекет қалалардың дамуын бақылап, мониторинг


                  47
   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52