Page 45 - Dissertation
P. 45
- АКТ қолдану кезінде мемлекеттің және қоғамның, жеке тұлғаның
қауіпсіздігін қамтамассыз ету қажет.
Цифрлық трансформацияның басты міндеті – ақылды қала
тұжырымдамасын іске асыру болып табылады. Қазіргі және болашақ
ұрпақтардың экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени аспектілерге
қатысты қажеттіліктеріне сәйкес келуін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, өмір
сүру сапасын, қалалық қызмет көрсету және қызмет көрсету тиімділігін
арттыру, бәсекеге қабілеттілігін жақсарту үшін АКТ пайдалану шарттарын
және басқа құралдарды іске асыру қажет [101,б. 10].
Заманауи ақылды қаланың дамуы озық халықаралық корпорациялардың
Қазақстандық нарыққа енуін көрсетеді. Бұл ақылды қаланың Қазақстанға келуі
осы нарықты дамыту үшін пайдалы әрі перспективалы екендігінің айқын
дәлелі. Қазақстандағы ақылды қаланы республикалық және облыстық маңызы
бар қалаларды стратегиялық жобалар негізінде дамытуға қомақты қаражат
салынуда. Осыған байланысты қазіргі кездегі ең маңызды және өзекті мәселе –
елдің ақылды қаласының тұрақтылығын мемлекеттік реттеліне «Цифрлық
Қазақстан» бағдарламасы Қазақстан бойынша ақылды қала технологиясын
басқару бойынша кешенді нұсқаулар мен іс-шараларды белгіледі.
Цифрландыру арқылы экономика саласын жақсартуға, мемлекет және бизнес
қызметтерін жақсарту мақсатында цифрлық мемлекетке және инновациялық
экожүйені дамытуға бағытталған. Бұған қылмысты азайту және басқаруды
жақсарту үшін шағын қалаларда санымен қатар, әкімшілік орталықтарды озық
технологияларды енгізу кіреді. Жол қозғалысы ережелерін тиімдірек басқару
үшін «Сергек» жол қозғалысын бақылау жүйесі сияқты нақты технологиялар
жұмыс жасап тұр. Сонымен қатар, бұл бағдарлама аясында «Цифрлық Жібек
жолы» бастамасы іске қосылды. 2018 жылдан 2020 жыл аралығында 1200-ден
астам ауылды кең жолақты интернетке қосу және спутниктік байланыс
жүйелерін іске асырылды [102]. Қазіргі таңда елімізді дамытуға Индустрия 4.0
стандарттарымен интеграциялауға және цифрландыру арқылы өндірістік
операциялардың тиімділігін елімізде арттыруға күш салынуда.
Қазақстандағы ақылды қалаларды дамыту мен реттеудің соңғы зерттеулер
бірнеше негізгі аспектілерді анықтайды. Тұрысбекова А.Б. айтуынша,
Қазақстанда әлеуетті бейімделу үшін АҚШ, Жапония және ЕО тәжірибесін
зерделей отырып, зияткерлік әлеуетті дамытудың халықаралық тәжірибесін
зерттеді [103]. Абдраманова У. және т.б. зерттеулерінде 2010-2021 жылдар
кезеңіндегі өңірлер бойынша негізгі көрсеткіштерді және олардың әлеуметтік-
экономикалық даму деңгейлерімен өзара байланысын талдай отырып,
Қазақстандағы адами капиталды дамытуға назар аударды [104]. Бұл зерттеулер
Қазақстанның бірегей контекстін және озық халықаралық тәжірибені бейімдеу
әлеуетін ескере отырып, ақылды қалаларды дамытудағы технологиялық
жетістіктер мен адамға бағытталған тәсілдер арасындағы тепе-теңдіктің
маңыздылығын атап көрсетеді.
45