Page 6 - Document
P. 6
23. Республикалық комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
24. Конкурстың қорытындысы бойынша атақтың иегеріне осы бұйрыққа 4-
қосымшаға сәйкес куәлік беріледі және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген
тәртіппен республикалық бюджеттің қаражаты есебінен тиісті қаржы жылына арналған
Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 2000
еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік грант төленеді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 124 бұйрығымен бекітілген
"Жоғары оқу орнының үздік
оқытушысы" атағын беру
қағидаларына
1-қосымша
"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру конкурсына қатысушының өтінімі
"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру конкурсына қатысу үшін.
Маған конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын. Өзім туралы келесі
мәліметтерді хабарлаймын:
1. Жұмыс орны (қысқартуларсыз)
2. Туған күні, айы, жылы
3. Лауазымы (қысқартуларсыз)
4. Жұмыс өтілі
Білімі (қандай оқу орнын,
5.
факультетті қай жылы бітірді)
6. Ғылыми дәрежесі/атағы
Индексі көрсетілген үйінің
7.
мекенжайы
Жеке куәлігінің деректері (нөмірі,
8.
қашан және кім берді, ЖИН)
9. Байланыс телефоны (үй, ұялы)
10. Марапаттаулар, көтермелеулер
Қосымша: Конкурсқа қатысу үшін құжаттар __ парақта, оның ішінде қосымша __
парақта.
Конкурсқа қатысушы ___________________________________________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
Толтырған күні
202__ жылғы "____" __________
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 16 наурыздағы