Page 3 - Document
P. 3

9. Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін штаттық оқытушылар қатарынан үміткерлер
         ағымдағы  жылғы  қараша  айында  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым

         министрлігінің  Ақпараттық  жүйесі  (бұдан  әрі  –  БҒМ  АЖ)  арқылы  немесе  қағаз
         тасығышта келесі конкурстық құжаттамаларын жібереді:
               1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына            сәйкес "ЖОО-ның үздік оқытушысы" атағын
         беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;

               2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына             сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге
         сәйкес мәліметтер;
               3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына            сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

               4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;
               5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
                     10.  Конкурсқа  ұсынылған  құжаттар  ЖЖОКБҰ  қызметкерлері  мен

         профессорлық-оқытушылық құрамы қатарынан құрылған сараптамалық топ (бұдан әрі
         – сараптамалық топ) жүзеге асыратын сараптамадан өтеді.
                     Сараптама  тобының  құрамы  ЖЖОКБҰ  басшысының  бұйрығымен  бекітіледі.

         Сараптама тобы құрамының мүшелері ЖЖОКБҰ комиссиясының құрамына кірмейді.
               Сараптамалық топ әр үміткер бойынша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес
         сапалық  және  сандық  көрсеткіштерге,  сондай-ақ  осы  бұйрықтың  3-қосымшасына
         сәйкес  жылдық  жұмыс  жоспар-кестесі  бойынша  қорытынды  береді.  Қорытынды

         ЖЖОКБҰ комиссиясының қарауына беріледі.
               Конкурсқа қатысушы жалған немесе толық емес мәліметтер берген жағдайда,
         сараптамалық  топ  ЖЖОКБҰ  комиссиясына  оны  қатысушылар  қатарынан  шығару

         туралы жазбаша негіздемемен қоса ұсыныс береді.
               11. ЖЖОКБҰ комиссиясы сараптама тобының қорытындысы негізінде шешім
         шығарады және үміткерлердің конкурстық құжаттамасын "Жоғары оқу орнының үздік
         оқытушысы"  атағын  беру  конкурсының  2-ші  Республикалық  кезеңіне  қатысуға

         жібереді.
               ЖЖОКБҰ комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді және ЖЖОКБҰ-ның
         ресми интернет-ресурсында жарияланады.

               12. Үміткерлер ішіндегі конкурс нәтижелерімен келіспеген жағдайда нәтижелер
         жарияланған күні апелляцияға береді.
               ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен бекітілген апелляциялық комиссия бір жұмыс
         күні  ішінде  апелляция  материалдарын  қарайды  және  аппеляцияны  ескере  отырып,

         нәтижелерін жариялайды.
               ЖЖОКБҰ ЖОО ішіндегі конкурс және ЖЖОКБҰ конкурстық комиссиясының

         сараптамалық қорытындылары бойынша нәтижелер жарияланғаннан кейін екі тәулік
         ішінде  уәкілетті  органға  50  штаттық  оқытушыға  1  үміткерден  аспайтын  есеппен,
         Республикалық  конкурсқа  қатысу  үшін  ЖЖОКБҰ-ның  үздік  оқытушыларын
         айқындайды.
   1   2   3   4   5   6   7   8