Page 4 - Document
P. 4

Ұсынылған үміткерлердің деректері БҒМ АЖ арқылы ресімделеді.
                     Оқытушылардың  штаттық  саны  50  адамға  жетпейтін  ЖОО-ларда  1  үміткер

         айқындалады.  Бұл  ретте  ғылыми-педагогикалық  өтілі  15  жылдан  аспайтын
         оқытушылардың  және  өтілі  15  жылдан  асатын  оқытушылардың  арақатынасы
         ұсынылатын үміткерлердің жалпы санының үштен бірінен кем болмауы тиіс.
               Министрлік конкурстың ЖОО ішіндегі кезеңінің бұзылуын анықтаған жағдайда

         конкурстық құжаттаманы пысықтауға немесе қайта қарауға жібереді.
               13. ЖЖОКБҰ комиссиясының оң шешімін алған үміткерлер II кезеңге қатысу үшін
         жіберіледі.

               14. Конкурстың II республикалық кезеңі – жыл сайын желтоқсан айында өткізіледі,
         онда конкурс жеңімпаздары анықталады.
                     Конкурстың  республикалық  кезеңін  Республикалық  комиссия  өткізеді,  оның

         төрағасы (бұдан әрі – Республикалық комиссия төрағасы) болып көпшілік дауыспен
         сайланатын Республикалық комиссия мүшелерінің арасынан адам тағайындалады.
               15. Республикалық комиссия Министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың,

         жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің қоғамдық бірлестігінің
         өкілдері, сондай-ақ ғалымдар мен мамандар қатарынан қалыптастырылады.
               Республикалық комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды (19 адамнан артық
         емес).  Республикалық  комиссия  отырысы  оның  мүшелерінің  кемінде  үштен  екісі

         болған кезде заңды деп есептеледі.
                     Республикалық  комиссия  құрамы  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым
         министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрығымен бекітіледі.

               16. Республикалық конкурсқа қатысу үшін ЖЖОКБҰ ағымдағы жылғы қараша
         айында БҒМ АЖ немесе қағаз тасығышта үміткерлердің конкурстық құжаттамасын
         жібереді.
               1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына            сәйкес "ЖОО Үздік оқытушысы" атағын беру

         конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;
               2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына             сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге
         сәйкес мәліметтер;

               3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына            сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
               4) ЖЖОКБҰ алқалық басқару органының шешімі;
               5) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;
               6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

               7) карточкалық базада қолданыстағы 20-таңбалық ағымды шоты туралы хабарлама.
                     17.  Конкурстық  құжаттама  БҒМ  АЖ-не  тіркеледі  немесе  қағаз  тасығышта

         түпнұсқада  ұсынылады.  Мақалаларға  белсенді  сілтемелерді  көрсету,  халықаралық
         сертификаттарды тексеру міндетті болып табылады.
                     Конкурсқа  үміткер,  сондай-ақ  ЖЖОКБҰ-ның  бірінші  басшысы  ұсынылған
         құжаттардың және оларда қамтылған мәліметтердің дұрыстығына жауапты.
   1   2   3   4   5   6   7   8   9