Page 5 - Document
P. 5
Конкурсқа ұсынылған құжаттар ұсынылған материалдардың толықтығы мен
дұрыстығына тексеруден өтеді. Тексеруді ЖЖОКБҰ-ның жетекші ғалымдары,
профессорлық-оқытушылық құрамы қатарынан құрылған сараптама тобы (бұдан әрі –
Республикалық сараптама тобы) жүзеге асырады.
Конкурсқа қағаз тасығышта ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
Республикалық сараптама тобының құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі.
Республикалық сараптама тобы құрамының мүшелері Республикалық комиссия
құрамына кірмейді.
Республикалық сараптамалық топ әр үміткер бойынша осы бұйрықтың 2-
қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес, сондай-ақ осы
бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі бойынша
қорытынды береді. Қорытынды Республикалық комиссияның қарауына беріледі.
Көрсеткіштер балы тең болған жағдайда I-блог "Сабақ беру сапасы" бойынша
балдары, содан соң II-блог "Ғылыми-зерттеу қызметі" балдары есепке алынады.
18. Конкурсқа қатысушы жалған немесе толық емес мәліметтер берген жағдайда,
Республикалық сараптамалық топ Республикалық комиссияға оны қатысушылар
қатарынан шығару туралы жазбаша ұсыныс береді. Бұл ретте жалған мәліметтер
берілген жағдайда үміткерге 3 жыл бойына Конкурсқа қатысуға рұқсат етілмейді.
19. Әр үміткер бойынша Республикалық сараптамалық топтың қорытындысы
негізінде Конкурсқа қатысушының сапалық және сандық көрсетікштері мен жылдық
жұмыс жоспары-кестесінің балдары есептеледі.
Үміткерлердің рейтингісі Конкурсқа қатысушының сапалық және сандық
көрсетікштері мен жылдық жұмыс жоспары-кестесінің балдарын есептеу алгоритміне
сәйкес ақпараттық жүйеде балдарды саралаудың кему жүйесі бойынша кесте түрінде
рәсімделеді. Нәтижелері Республикалық сараптамалық топтың хаттамасымен бекітіліп,
әрбір қатысушы мүшенің қолтаңбасымен расталады.
Республикалық сараптамалық топтың хаттамасы кесте қосымшасымен
Республикалық комиссияның қарауына беріледі.
20. "ЖОО-ның үздік оқытушысы" атағын беру туралы Республикалық комиссияның
шешімі қатысушы мүшелерінің көпшілік қарапайым дауысымен қабылданады.
Республикалық комиссия мүшелерінің дауысы тең болған жағдайда, Республикалық
комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.
Республикалық комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
21. Конкурстың қорытындылары Министрліктің ресми интернет-ресурсында
жарияланады.
22. Үміткерлер конкурс нәтижелерімен келіспеген жағдайда нәтижелер
жарияланған күні апелляцияға береді. Апелляцияға өтініштерді Республикалық
сараптамалық топ қарайды. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша Республикалық
сараптамалық топ бес жұмыс күні ішінде БҒМ АЖ-да дәлелді жауап жариялайды.