Page 2 - Document
P. 2

1. Жалпы ережелер


               1. Осы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидалары                      (бұдан әрі
         – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының
         Заңына    сәйкес әзірленген.

                     2.  Қағидалар  меншік  нысандарына  және  ведомстволық  бағыныстылығына
         қарамастан, педагогикалық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері бар жоғары
         және  (немесе)  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  ұйымдарының  (бұдан  әрі  –
         ЖЖОКБҰ) оқытушыларына оларды көтермелеу және қолдау мақсатында "Жоғары оқу

         орнының үздік оқытушысы" атағын (бұдан әрі – атақ) беру тәртібін айқындайды.
               3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
               1) Конкурстың қатысушысы – Конкурсқа қатысу үшін құжаттарын осы Қағидаларға

         сәйкес ұсынған ЖОО-ның штаттағы оқытушысы;
               2) республикалық конкурстық комиссия – "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы"
         атағын беру үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі
         – Комиссия).

               4. Атақ бір адамға келесі он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.

         2. "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру тәртібі


               5. "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру конкурсына мынадай
         талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады:

               1) ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатындар;
                     2)  Конкурсқа  құжаттарын  тапсыру  сәтінде  кемінде  бес  жыл  үзіліссіз
         ғылыми-педагогикалық өтілі барлар.

               6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)
         ағымдағы жылғы қазан айында ресми интернет-ресурста "Жоғары оқу орнының үздік
         оқытушысы" конкурсын өткізу туралы жариялайды.
               7. Конкурс жыл сайын екі кезеңде өткізіледі – ЖОО ішінде және республикалық.

               8. Конкурстың I кезеңі – ЖОО ішінде, жыл сайын қараша айында өткізіледі.
               ЖЖОКБҰ конкурстың 2-ші кезеңіне қатысуға үміткерлердің ұсыну үшін ЖЖОКБҰ
         қызметкерлерінің, ғылыми және қоғам қайраткерлерінің арасынан комиссия құрады,

         оның төрағасы болып комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланатын адам
         тағайындалады.
               ЖЖОКБҰ комиссия мүшелерінің саны тақ болады (5 адамнан кем емес). ЖЖОКБҰ
         комиссия  отырысы  оның  мүшелерінің  кемінде  үштен  екісі  қатысса  өкілетті  болып

         саналады.
                     ЖЖОКБҰ  комиссия  мүшелерінің  дауысы  тең  болған  жағдайда,  ЖЖОКБҰ
         Комиссия Төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
   1   2   3   4   5   6   7