Page 1 - Document
P. 1

"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы

         Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  м.а.  2015  жылғы  16

         наурыздағы № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015
         жылы 19 наурызда № 10506 тіркелді.
               "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы
         8-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН                 :

               Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.08.2016 №
         502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
         қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

               1. Қоса беріліп отырған "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру
         қағидалары     бекітілсін.
               2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық
         департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):

                     1)  осы  бұйрықтың  белгіленген  тәртiппен  Қазақстан  Республикасы  Әдiлет
         министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін;
               2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен

         кейін  осы  бұйрықты  мерзімді  баспа  басылымдарында  және  "Әділет"
         ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
               3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми
         интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

               3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Т.О.
         Балықбаевқа жүктелсін.
               4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң

         қолданысқа енгізіледі.
          Министрдің міндетін атқарушы                  Т. Балықбаев


                                                                          Қазақстан Республикасы
                                                                        Білім және ғылым министрінің
                                                                         2015 жылғы 16 мамырдағы
                                                                             № 124 бұйрығымен
                                                                                 бекітілген

         "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидалары


                     Ескерту.  Қағидалар  жаңа  редакцияда  –  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің
         30.10.2020 № 466       (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі)
         бұйрығымен.
   1   2   3   4   5   6