Page 9 - Академикалы? саясат РУС.
P. 9

Зерттеу  пәні  –  ақылды  қалаларды  тұрақты  даму  аясында  мемлекеттік
                  реттеу мен басқару тетіктері.
                        Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
                        1. Ақылды  қала  ұғымының  тұрақты  даму  контексіндегі  теориялық-
                  институционалдық  интерпретациясы  жүйеленіп,  оның  мемлекеттік  басқару
                  жүйесімен өзара байланысы ғылыми тұрғыдан негізделді.
                        2. Шетелдік  және  қазақстандық  тәжірибелер  талданып,  Түркістан
                  қаласының  жағдайына  бейімдеуге  мүмкіндік  беретін  негізгі  тәсілдер,  тиімді
                  практикалар мен құралдар зерделенді.
                        3. Түркістан  қаласында  «Ақылды  қала»  тұжырымдамасын  іске  асыруға
                  мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштер айқындалып, тұрғындардың қанағаттану
                  деңгейі  мен  жаңа  технологияларды  пайдалану  белсенділігінің  өзара
                  байланысына  негізделген  бағалау  моделін  мемлекеттік  реттеу  тұрғысынан
                  қолдану мүмкіндіктері ғылыми тұрғыда негізделді.
                        4. Түркістан  қаласына  бейімделген  Smart  City-ді  мемлекеттік  реттеудің
                  интеграцияланған  үлгілік  моделі  әзірленіп,  оның  негізгі  құрылымдық
                  элементтері мен өзара байланыс тетіктері ұсынылды.
                        Қорғауға шығарылатын ережелер:
                        1. «Ақылды қала» ұғымын  тұрақты даму контексінде мемлекеттік реттеу
                  жүйесіне  интеграциялау  -  қалаларды  басқарудың  заманауи  тәсілдерінің  бірі
                  ретінде  ұсынылады.  Бұл  тәсіл  Smart  City  тұжырымдамасының  тек
                  технологиялық аспектілерімен шектелмей, оны институционалдық, әлеуметтік
                  және экономикалық факторлармен өзара байланыста кешенді түрде қарастыру
                  қажеттігін  көрсетеді.  Теориялық  модельдер  мен  институционалдық  талдау
                  негізінде бұл тәсіл жаңа ғылыми тұжырым ретінде қалыптасады.

                        2.  Smart  City  тұжырымдамасын  өңірлік  деңгейде  бейімдеу  үшін
                  халықаралық озық тәжірибелер мен ұлттық ерекшеліктерді үйлестіру тетіктері
                  әзірленді.  Шетелдік  және  отандық  тәжірибелерді  салыстырмалы  талдау
                  нәтижесінде  Түркістан  қаласына  бейімделген  нақты  ұсыныстар  мен  құралдар
                  жасалды.  Бұл  тәжірибелер  смарт-инфрақұрылымды  дамытудың  үлгілік
                  тәсілдерін ұсына отырып, басқа қалаларға таратуға мүмкіндік береді.
                        3.  Түркістан  қаласында  «Ақылды  қала»  тұжырымдамасын  іске  асыру
                  көрсеткіштерін  айқындау  негізінде  тұрғындардың  қанағаттану  деңгейі  мен
                  технологияларды  пайдалану  белсенділігі  арасындағы  өзара  байланысты
                  ескеретін  бағалау  моделін  мемлекеттік  реттеу  тәжірибесіне  енгізу  қалалық
                  басқарудың тиімділігін арттырудың ғылыми негізделген құралы болады.
                        4.  Түркістан  қаласына  бейімделген  Smart  City-ді  мемлекеттік  реттеудің
                  интеграцияланған         үлгілік      моделі      ұсынылады.        Зерттеуде       әзірленген
                  институционалдық модель мемлекеттік, жеке және азаматтық сектор арасындағы
                  серіктестікке  негізделген,  көпдеңгейлі  басқару  қағидатына  сәйкес  келеді.  Бұл
                  модельді қорғауға шығару қалалық даму стратегиясын жүйелеуге және тиімді
                  басқару тетіктерін енгізуге негіз болады.
                        Зерттеу  әдістемесі  мен  әдістері.  Азаматтардың  «Ақылды  қала»
                  жобаларына  қатысты  көзқарастары,  қатысу  деңгейі  мен  бағалау  ұстанымдары
                  арнайы  эмпирикалық  деректер  негізінде  талданды.  Зерттеу  шеңберінде  2022

                                                                9
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14