Page 8 - Академикалы? саясат РУС.
P. 8
енгізу мен басқарудағы жаңа стратегияларды әзірлеуге негіз болуда.
Рессейлік ғалымдардың ішінде қарастырылып отырған мәселені зерттеуге
үлкен үлес қосқан келесі авторларды атап өтуге болады: Антонова А.В.,
Христиановский В.В., Щербина В.П. және т.б.
Антонова А.В., Христиановский В.В. зерттеулерінде ақылды қала
критерийлері бойынша қаланы бағалау әдістемесін дамыту мәселелері
қарастырылады. Қалалардың ақылды дамуын анықтау үшін негізгі
индикаторларды әзірледі және осы көрсеткіштерді талдау әдістерін, ақылды
қалаларды бағалау үшін келесі негізгі бағыттар қарастырылды: ақылды
экономика, ақылды адамдар, ақылды басқару, ақылды ұтқырлық, ақылды орта,
ақылды өмір. Қалаларды осы өлшемдер негізінде бағалаудың кешенді әдісін
ұсынды, ол мәліметтерді талдауға және шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Бұл
әдістеме қалаларды ақылды технологиялар арқылы дамытудың стратегияларын
әзірлеуге ықпал етуді зерттеген.
Отандық авторлардың ішінде Қ.Б. Мәсенов, Алина Н. ақылды
технологиялармен қалдықтар мәселелерін шешу, А.Баймбетова ақылды үкімет
және ақылды қала тақырыптарын өзара байланысын зерттеген, Турысбекова А.Б.
шетелдік тәжірбиелерді ақылды қала тұжырымдамасын енгізу жағдайында қала
тұрғындарының қалаларды дамытуға қатысу формаларының өзгеруін зерттеу,
Ахаева Ж.Б. ақылды қалаларындағы мультиагентті жүйелерді талдау, Сыздықов
Ж.А. ақылды қаланы тұрақты дамуын тиімділігі ғылыми еңбектерінде кеңінен
зерттелінген.
Зерттеудің мақсаты – Түркістан қаласында «ақылды қала»
тұжырымдамасын енгізу үдерісін тұрақты даму қағидаттарына сай тиімді жүзеге
асыру үшін мемлекеттік реттеу тетіктерін ғылыми тұрғыдан талдау және оларды
жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу.
Қойылған мақсатқа сәйкес зерттеудің келесі міндеттері тұжырымдалған:
«Ақылды қала» тұжырымдамасының ұғымдық негіздерін және оның
тұрақты даму парадигмасындағы орнын анықтап, теориялық-методологиялық
базасын қарастыру;
Қазақстан Республикасында ақылды қалаларды дамытуға бағытталған
мемлекеттік реттеу тетіктері мен құралдарын жүйелі түрде талдау.
«Ақылды қалаларды» дамытуда қолданылатын халықаралық
мемлекеттік реттеу модельдерін салыстыра талдап, тұрақты даму қағидаттарын
тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін үздік тәжірибелерді анықтау және
жүйелеу.
Түркістан қаласы тұрғындарының ақылды бастамаларға қатысу
деңгейін, қоғамдық қабылдауын және цифрлық инфрақұрылымға
қолжетімділігін эмпирикалық әдістер арқылы бағалау.
Түркістан қаласында ақылды қала дамуын мемлекеттік реттеуді
жетілдіру мақсатында көпдеңгейлі басқару механизмдерін және ғылыми-
тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеу.
Зерттеу нысаны – Түркістан қаласында «Ақылды қала» тұжырымдамасын
іске асыру үдерісі және оны мемлекеттік деңгейде реттеу тәжірибесі.
8

