Page 6 - Академикалы? саясат РУС.
P. 6
қаулысы) цифрландырудың негізгі ұлттық жоспары ретінде қабылданып, ел
аумағында «ақылды» инфрақұрылымды енгізуге бағытталған жобаларға серпін
берді. Бұл бағдарлама 2022 жылы мерзімі аяқталып, күшін жойды, оның орнына
«2023-2029 жылдарға арналған цифрлық трансформация тұжырымдамасы»
бекітілді, онда цифрлық мемлекеттік басқару мен аймақтық трансформация
процестерінің жаңа тетіктері айқындалған. [4].
2018 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың
жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында еліміздің даму стратегиясының негізгі
элементі ретінде ақылды қала мен ақылды ұлт құрудың маңыздылығы ерекше
атап өтілген. Жолдаудың негізгі мақсаты- озық технологияларды пайдалану,
цифрландыру және инновациялық экономиканы дамыту арқылы қалалар мен
ұлттың ақылды дамуын қолдау және ынталандыру болып табылады [5].
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында «электрондық
үкімет» жүйесін дамыту, оның ақпараттық құралдарын енгізу және ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану мәселелері
қарастырылған. Бұл бағыттағы процестер заманауи цифрлық инфрақұрылымды
қалыптастыру және мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен қолжетімділігін
арттыру мақсатында қарқынды дамып келеді [6]. Бұл нәтижедегі өзгерістер
желілік технологияларға және деректерді өндеуге әсер ететіндігіне байланысты.
Тиісінше ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адам өмірінің көптеген
салаларында және экономикалық жағдайда қолданылады. Ғылыми зерттеулердің
өзектілігінің негізі ақылды қаланы мемлекеттік реттеу жолдарын зерттеу болып
табылады.
Бүгінгі таңда ол көптеген елдердің жалпы ішкі өнімнің едәуір бөлігін
қамтамасыз етеді. Қалалар ұлттық, аймақтық және жаһандық дамуда шешуші
рөл атқарады. Адамдардың өмір сүру сапасы осыған байланысты. Сондықтан
қазіргі уақытта халық санының көбеюі қалалық инфрақұрылымдардың болуы,
қалалық аумақтардың қауіпсіздігі, экологиялық таза және өзін-өзі басқару
сияқты ерекше талаптарды қояды. Мысалы, урбанизацияны қалалық елді
мекендердің өсуін, халықтың шоғырланудағы әлеуметтік-экономикалық
өзгерістерді зерттейтін бағыт деп айтылады.
Қалалардағы тұрақты даму мен урбанизацияның жоғары деңгейін
қамтамасыз ету мәселелері мемлекет үкіметінің стратегиялық бағдарламалық
құжаттары мен жоспарларында басты орынға қойылған. Сонымен қатар,
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында қуатты
өңірлер және урбанизация реформасының негізгі бағыты орта және шағын
қалаларды дамыту қарастырылған. Ақылды қала жобаларын жүзеге асыру және
қалаларды цифрландыру екені көрсетілген. Қалааралық инфрақұрылымды
дамыту және 2025 жылға қарай қала тұрғындарының үлесін 60 пайызға дейін
арттыру көзделген [7].
Түркістан қаласы өзінің жаңа әкімшілік мәртебесі, туристік және мәдени
әлеуеті, урбанистикалық серпіні арқасында смарт-қала үлгісін жүзеге асыру
үшін перспективалы алаң болып отыр. Алайда, қаланы басқарудың заманауи
цифрлық үлгілері әлі де толық енгізілмеген. Қаржыландыру тапшылығы,
6

