Page 30 - KAZ Академиялық саясат 2025
P. 30
17.2.10. Академияның АСК және ҒК оң шешімімен КҚКО білім алушының жеке
ісін алу үшін бұрын оқыған ЖЖОКБҰ-ға сұрау жібереді.
17.2.11. Бұрын оқыған ЖЖОКБҰ-дан білім алушының жеке ісін алғаннан кейін
БСО 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім алушыны Академия білім алушыларының
қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарады.
17.2.12. БСО білім алушының барлық жеке деректерін LMS-ке енгізеді.
17.2.13. ББ пәндері/модульдері бойынша оқу нәтижелерінің академиялық
айырмашылығын жою үшін білім алушы осы пәндер/модульдер бойынша оқудан
өтуге жазылады және академиялық кезең ішінде ақылы негізде оқу сабақтарының
барлық түрлеріне қатысады, ағымдағы бақылаудың барлық түрлерін тапсырады,
қорытынды бақылауға рұқсат алады.
Егер академиялық айырмашылық пәндері/модульдері ағымдағы академиялық
кезеңнің оқу сабақтарының кестесіне енгізілмеген жағдайда, білім алушы КҚКО-мен
және жетекшілік ететін вице-ректормен келісім бойынша жеке тәртіппен осы
пәндер/модульдер бойынша оқудан өтеді.
Ағымдағы академиялық кезең ішінде жойылмаған жұмыс оқу жоспарларының
пәндері/модульдері бойынша оқу нәтижелеріндегі академиялық айырмашылық бұдан
әрі академиялық қарыз ретінде есептеледі.
17.2.14. Оқу құнын есептеу тиісті оқу жылына 1 кредиттің бекітілген құнына
сәйкес жүзеге асырылады.
17.3. Тегін өзгерту.
17.3.1. Білім алушы жаңа жеке куәлігінің және тегін ауыстыру үшін негіз болып
табылатын құжаттың (неке қию туралы куәлік және басқалар) көшірмесін қоса бере
отырып, тегін ауыстыру туралы өтінішті ректордың атына тапсырады;
17.3.2. Институт/МСҰМ директорымен және жетекшілік ететін вице-ректормен
келісім бойынша БСО білім алушының тегін ауыстыру туралы бұйрық дайындайды.