Page 29 - KAZ Академиялық саясат 2025
P. 29
3) Институт/МСҰМ директоратымен және жетекшілік ететін вице-ректормен
келісім бойынша БСО Академия ректорының білім алушыны оқуға қайта қабылдау
туралы бұйрығын дайындайды;
4) Берешектерді және/немесе пәндердегі айырманы жою тәртібі мен мерзімдері
Институт/МСҰМ директорының өкімімен ресімделеді.
Академиялық айырмашылықты жою ұзақтығы бір семестрді құрайды.
Академиялық айырмашылықты жою мыналарды көздейді:
1) білім алушылардың көрсетілген курстарды игеру мақсатында сабақтарға
қатысуы;
2) рейтингті анықтау мақсатында тапсырмаларды орындау;
3) жоспарланған кредиттер көлемін алу мақсатында емтихан тапсыру.
17.2.6. Білім алушыларды басқа ЖЖОКБҰ-дан Академияға ауыстыру
мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын
мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері,
квазимемлекеттік сектор субъектілері, мәслихаттар депутаттары үшін ақылы негізде
ғана жүзеге асырылады. Ішкі мазмұны сәйкес болған жағдайда тиісті дайындық
бағыты бойынша ББ-ны ғана ауыстыруға болады.
17.2.7. Білім алушылардың бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауысу туралы
өтініштерін Академия ректоры жазғы және қысқы демалыс кезеңінде кезекті
академиялық кезең басталғанға дейін қарайды.
Академияға басқа ЖЖОКБҰ-дан ауысуға үміткер кейіннен ауысу үшін ББ-ны
анықтайды және «Е-өтініш» арқылы ауысуға өтініш ресімдейді және оған мынадай
құжаттарды қоса береді:
- уәкілетті тұлға қол қойған және бастапқы ұйымның мөрімен бекітілген
транскрипт немесе академиялық анықтама;
- жеке басын куәландыратын құжаттың сканерленген нұсқасы;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың сканерленген нұсқасы
қосымшасымен;
- ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға
қабылдаудың қолданыстағы ережелерінде көрсетілген талаптарға сәйкес нәтижелері
бар халықаралық сертификаттың көшірмесін осы талап болған жағдайда ұсыну
қажет;
- QAZAQ RESMI TEST (www.qrt.kz) немесе ҚАЗТЕСТ (www.kazakhtest.kz)
сертификаты В1 деңгейінен төмен емес (шетелдік азаматтарды қоспағанда);
- еңбек қызметін растайтын құжат (өтінішке оң жауап алған сәттен бастап
салыстырып тексеру жүргізу үшін құжаттың түпнұсқасын 5 жұмыс күні ішінде ұсыну
қажет. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжат қайтарылады);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының
2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны
бойынша Медициналық анықтама;
- білім алушының жеке даму жоспарының көшірмесі.
17.2.8.Білім алушыны ақылы негізде Академияға оқуға ауыстыру кезінде
академиялық қызмет жөніндегі вице-ректор 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды және
оны Академияның АСК, бұдан әрі ҒК қарауына шығарады.
17.2.9. Орталық алдыңғы академиялық кезеңдерде оқыған ББ
пәндері/модульдері бойынша оқу нәтижелеріндегі академиялық айырмашылықты
анықтайды.
ББ пәндері/модульдері бойынша оқу нәтижелеріндегі академиялық
айырмашылықты Академия ЖЖОКБҰ нысаны бойынша берілген анықтамада
көрсетілген пәндер/модульдер тізбесі мен көлемдерінің негізінде айқындайды.