Page 63 - Dissertation
P. 63

көрсеткіштер бойынша айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізген (кесте 4).
                  Алматы және Астана ең дамыған қалалар болып табылады [99,б. 8].
                         Кесте   4 - 2022 жылдың қорытындысы бойынша ақылды қалалар үшін
                  Қазақстан Республикасының ішкі рейтингі


                  Қазақстан Республикасының қалалары         Позиция                  Цифрландыру деңгейі
                  Астана                                              1                          62
                  Алматы                                              2                          62
                  Өскемен                                             3                          54
                  Қарағанды                                           4                          51
                  Орал                                                5                          50
                  Шымкент                                             6                          50
                  Түркістан                                           7                          47
                  Көкшетау                                            8                          46
                  Петропавл                                           9                          46
                  Тараз                                               10                         45
                  Ақтау                                               11                         43
                  Павлодар                                            12                         40
                  Ақтөбе                                              13                         37
                  Талдықорған                                         14                         36
                  Қызылорда                                           15                         36
                  Қостанай                                            16                         33
                  Атырау                                              17                         28
                  Семей                                               18                         0
                  Жезқазған                                           19                         0
                  Қонаев                                              20                         0
                       Ескерту - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
                  өнеркәсібі министрлігі, GOV.KZ онлайн ақпараттық порталынан алынды [99,б. 5]


                        Осыған   байланысты,   ақылды   қалалар   бойынша   Түркістан   қаласын
                  цифрландыру   2019   жылдың   екінші   жартыжылдығынан   басталған   болатын.
                  Осындай   қысқа   уақыт   ішінде   айтарлықтай   жетістіктер   мен   нәтижелер   бар.
                  Негізгі   48   бастаманың   25-і   іске   асырылды  (52%),  19-ы   жұмыс   барысында
                  (40%), 4-і әлі орындалмаған (8%).
                        2022  жылдың   соңындағы   ақылды  қала  тұжырымдамасының  рейтингтік
                  көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының
                  ақылды қалаларын құрудың 2.0 эталондық стандарты бойынша 7-ші орынды
                  иеленді.
                        БҰҰ электрондық үкіметінің рейтингі (e-Government Development Index,
                  ЕGDI) әлем елдеріндегі ақпараттық қоғам дамуының негізгі көрсеткіштерінің
                  бірі болып табылады. Сонымен қатар, Алматы қаласы 100 қаланың ішінде 29
                  орында тұр [153].
                        Mercer's   Quality   of   Living  –   өмір   сапасы   бойынша   әлем   қалаларының
                  рейтингі бойынша Алматы қаласы 231 қаланың ішінде 177 орынды иеленді
                  [154].  Innovation Cities Index рейтингі  Астана  –  500 қаланың ішінде 467-ші
                  орын, Алматы – 500 қаланың ішінде 414-ші орынға иеленді [155].




                  63
   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68