Page 125 - Dissertation
P. 125

бағыттарды қамтитын жүйелі көзқарас қажет. Біріншіден, жобаларды тиімді
                  жүзеге   асыру   үшін   мемлекеттік   органдар,   жергілікті   әкімшілік   және   жеке
                  серіктестер   арасындағы   үйлестіруді   күшейту   керек.   Екіншіден,   цифрлық
                  шешімдерге   қызмет   көрсетуде   қаланың   ұзақ   мерзімді   тұрақтылығы   мен
                  тәуелсіздігін   қамтамасыз   ететін   цифрлық   сауаттылықты   арттыру   және
                  ақпараттық   технологиялар   саласында   білікті   мамандарды   даярлау
                  бағдарламаларын   әзірлеу   маңызды.   Үшіншіден,   әртүрлі   қалалық   ақылды-
                  жүйелердің үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін стандарттар мен деректерді
                  беру хаттамаларының бірыңғай жүйесін енгізу маңызды, бұл олардың жұмыс
                  тиімділігі   мен   ақпараттық   қауіпсіздікті   арттырады.   Қалдықтарды   басқару
                  жүйесі, жаңартылатын энергия көздері және қоғамдық көлікті жақсарту сияқты
                  экологиялық   тазалық   пен   тұрақты   дамуға   бағытталған   жобалар   басым
                  бағыттардың   қатарында   қалып   отыр.   Сондай-ақ   ақылды-технологиялар
                  саласына инвестицияларды тарту және ұстап тұру үшін бизнес үшін жеңілдікті
                  бағдарламалар   мен   субсидияларды   әзірлеуді   жалғастыру   қажет.   Түркістан
                  қаласының   тұрғындарының   қажеттіліктері   мен   пікірлерін   ескере   отырып,
                  халықтың шешім қабылдау процесіне қатысу тетіктерін енгізу маңызды, бұл
                  ақылды қала жобаларына ашықтық пен сенімді арттырады.
                        Осылайша,   мемлекеттік   реттеу   шаралары   мен   Түркістандағы   ақылды
                  қаланы   жақсарту   жолдары   жайлы,   қауіпсіз   және   технологиялық   тұрғыдан
                  дамыған қалалық ортаны құрудың маңызды элементі болып табылады. Жеке
                  сектормен   тығыз   ынтымақтастық,   цифрлық   инфрақұрылымды   дамыту,

                  кадрлардың   біліктілігін   арттыру   және   азаматтардың   мүдделерін   ескеру
                  Түркістанның тұрақты және үйлесімді дамуы үшін ақылды қаланың әлеуетін
                  тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
                        Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, негізгі тұжырымдар мен
                  ережелерге назар аударған жөн:
                        - Ғылыми деректер мен зерттеулерге кешенді талдау жасау, тұрақты даму
                  мақсаттарын айқындау, сонымен қатар ақылды қала тұжырымдамасы бойынша
                  авторлардың жалпылама анықтамаларын талдау;
                        - Ақылды қала моделінің элементтерін айқындап, оның даму кезеңдері
                  бойынша   заңдар   мен   жобаларды   қарастыру,   шетелдік   тәжірибелерге
                  негізделген ақылды қала жобаларын бейімдеу;
                        - Түркістанда   ақылды   қала   тұжырымдамасының   дамуын   талдау   және
                  бағалау негіздерін жасау, гипотезаларды айқындау;
                        - Ақылды қаланы дамытуға арналған мобильді қосымша платформасының
                  моделін құру.
                        Зерттеудің негізгі ұсыныстары келесідей:
                        -   Тұрақты даму жағдайындағы ақылды қала ұғымының теориялық және
                  әдіснамалық аспектілері. Теориялық негіздері: «ақылды қала» ұғымы цифрлық
                  технологиялар мен деректерді пайдалана отырып, қаланың инфрақұрылымын,
                  экономикалық   және   әлеуметтік   жағдайларын   тиімді   басқаруды   көздейді.
                  Тұрақты дамуға қол жеткізу үшін ақылды қала жүйелері қоршаған ортаға әсерді
                  азайтуға және өмір сүру сапасын жақсарту бағытталған;


                  125
   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130