Page 126 - Dissertation
P. 126

-   Қазақстанның   ақылды   қалаларын   дамыту   мемлекеттік   деңгейдегі
                  стратегия мен ережелер арқылы жүзеге асырылады. Бұл бағытта мемлекеттік
                  қолдау, инвестицияларды тарту және инновациялық технологияларды енгізу;
                        -   Шетелдік тәжірибе ақылды қалаларды мемлекеттік реттеудің әртүрлі
                  үлгілерін   көрсетеді.   Мысалы,   Еуропа   мен   Азияда   ақылды   қалалар
                  тұжырымдамасын іске асыру кезінде жеке сектормен серіктестік тәжірибесі,
                  халықаралық   стандарттарды   қабылдау   және   тұрақты   даму   көрсеткіштерін
                  енгізуді кеңінен қолдану.
                        Түркістан   қаласының   қазіргі   жағдайы,   Түркістанда   ақылды   қала
                  тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін бірқатар факторлар мен көрсеткіштер
                  анықталды. «Ақылды қала» элементтері, оның ішінде цифрлық инфрақұрылым,
                  экологиялық тұрақтылық және әлеуметтік теңдік аспектілері талданды.
                        -   Түркістанда «ақылды қала» құру процесін жетілдіру бойынша бірқатар

                  мемлекеттік   реттеу   шаралары   ұсынылды.   Бұған   ақылды   қаланы   дамыту
                  мақсатында   мемлекеттік   реттеуге   негізделе   отырып,     мобильді   қосымша
                  платформасының моделін ұсыну.
                        -   Ақылды   қаланы   басқаруда   цифрлық   технологияларды   қолданудың
                  әдіснамалық   негіздерін   жетілдіру   қажет.   Бұл   қалалық   инфрақұрылымның
                  тиімділігін және қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндігін арттыру.
                        Түркістан   қаласының   өзекті   мәселелері   мен   мүмкіндіктерді   талдау
                  негізінде,   жобалардың   кең   ауқымының   тәжірибесіне   сүйене   отырып,
                  сарапшылардың пікірлері мен қалалық бастамаларды ескере отырып, Түркістан
                  қаласының әкімшілігі үшін келесі ұсыныстарды инновациялық процесс арқылы
                  шешім қабылдау қажет.
                        -   Түркістан, басқа да көптеген дамушы қалалар сияқты, ескірген немесе
                  жеткіліксіз   дамыған   инфрақұрылым   проблемасына   тап   болады.   Бұл
                  коммуникацияларға,   жол   желісіне,   жоғары   жылдамдықты   интернетке   қол
                  жеткізуге және энергиямен жабдықтауға қатысты.
                        -   интеграцияланған   технологиялар   мен   инфрақұрылымды   енгізуге
                  жұмсалатын   жоғары   бастапқы   шығындар   елеулі   кедергі   болуы   мүмкін.
                  Мемлекет тарапынан да, жеке сектор тарапынан да қомақты инвестициялар
                  қажет;
                        -   ақылды қала технологиялары саласында қажетті білімі мен тәжірибесі
                  бар жергілікті мамандардың жетіспеушілігі жобаны баяулатуы мүмкін;
                        -   үкіметтің барлық деңгейлерінде жобаны нақты қолдау және жобаны
                  жақсы үйлестірілген басқару қажет;
                        -   деректерді   жинау   және   талдау   технологияларын   пайдалану   кезінде
                  халықтың дербес деректерін қорғау мәселелері;
                        -   білім   беру   және   ақпараттық   бағдарламаларды   талап   ететін
                  инновацияларға халықтың көзқарасы мен дайындығын ескеру қажет.
                        Мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар: Дүниежүзілік банк немесе Азия
                  даму банкі сияқты халықаралық қаржы ұйымдарынан қаржыландыруды тарту.
                  Түркістан   сияқты   қалалардың   инфрақұрылымын   жаңарту   және   дамыту




                  126
   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131