Page 120 - Dissertation
P. 120
түрінде, сондай-ақ тендер немесе осы бюджет арқылы қаржыландыру
процестері заңмен реттеледі. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және
инновацияларды енгізуге басымдық беріледі [172].
3. 2023 - 2029 жылдарға арналған цифрлық трансформация, ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар саласын және киберқауіпсіздікті дамыту
тұжырымдамасын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023
жылғы 28 наурыздағы № 269 қаулысы – цифрландыру мен инновацияларды
қолдау, киберқауіпсіздікті дамыту негізгі тұжырымдамасы болып табылады
[101,б. 16].
4. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспары-
бұл құжат цифрлық технологияларды барлық салада енгізу арқылы
Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз етуді
көздейді. Сондықтан, инновациялық экономика құру және қала
тұрғындарының мәселесін шешуге ерекше көңіл бөлу [7,б. 10].
Қазақстанның цифрландыру мен инновацияларды қолдау саясатының
негізінде асады «Кәсіпкерлік туралы» заңы және «Мемлекеттік қызмет көрсету
туралы» заңы, бұл негізгі құқықтық және стратегиялық базаны қамтамасыз
етеді.
Модельде тереңірек талдау жасай отырып, қосымша мәліметтерді
қарастыруға болады:
1. Онлайн порталдың маңызы:
– Онлайн портал мен жеке кабинет – тұрғындар мен әкімшілік арасындағы
негізгі байланыс құралы.
– Бұл портал арқылы тұрғындар «ақылды экономика», «ақылды адамдар»
және «ақылды өмір» сияқты санаттарға байланысты қызметтерге қол жеткізуге
болады.
– Интерактивті жүйелер тұтынушылардың қызметіне жедел жауап береді.
2. Стартаптарды басқару құрылымы:
– Стартаптарды қабылдау екі негізгі қадамды: жаңа стартапты іздеу,
бизнес жоспарды енгізу.
– Әкімшілік басқару органы стартапты бағалауға жауапты. Бірқатар,
инвесторлар тарту деп қарастырылған, бұл жүйенің ашықтығы мен
инвестицияның көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
3. Шешім қабылдау механизмі:
- Егер стартап мақұлданса, ол бюджеттік жоспарлау немесе тендерге
жіберіледі.
- Қабылданған стартаптар тізімі жасалады, бұл жүйенің есептілігі мен
бақылауын қамтамасыз етеді.
- Егер стартап қабылданбаса, ол циклден шығарылады, бұл тиімсіз
жобаларды сүзуге мүмкіндік береді.
4. Жүйенің артықшылығы:
– Инновацияларды дамыту: Қалаға жаңа технологиялар мен шешімдерді
бастау арқылы қолдау көрсету.
120