Page 123 - Dissertation
P. 123
ҚОРЫТЫНДЫ
Ақылды қаланы тұрақты даму мақсатында мемлекеттік реттеу – бұл қазіргі
заманғы урбанизация процесіндегі аса маңызды бағыттардың бірі.
Урбанизацияның қарқынды өсуі және халық санының артуы қалаларды тиімді
басқаруды, ресурстарды ұтымды пайдалануды және тұрақты даму
қағидаттарын енгізуді талап етеді. Ақылды қалалар – бұл технологиялар,
инновациялар және экологиялық шешімдерді біріктіретін күрделі жүйелер,
және олардың тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік реттеудің рөлі айрықша
маңызды.
Ақылды қалалар концепциясы – бұл тек технологиялық жетістіктерді
енгізу ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға,
табиғи ресурстарды қорғауға және экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз
етуге бағытталған кешенді стратегия. Тұрақты даму мақсаттарына (SDG) қол
жеткізу үшін қалалардың энергия тиімділігі, көлік жүйесі, қалдықтарды
басқару, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жетілдіру қажет. Ақылды
қалалар мемлекеттік реттеу мен бизнес арасындағы серіктестікті күшейтуге,
инновациялық шешімдерді енгізуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға
мүмкіндік береді.
Ақылды қалаларды дамытудағы мемлекеттік реттеу басты рөл атқарады,
себебі ол саясатты үйлестіру, құқықтық базаны құру және қаржыландыруды
қамтамасыз ету сияқты негізгі функцияларды атқарады.
Бұл зерттеуде ақылды қала тұжырымдамасын тұрақты даму жағдайында
қалай жүзеге асыруға болатындығын зерттеуге бағытталған.
1. Ақылды қаланы зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері
тұрақты даму кезеңінде бөлімінде көрсетілген зерттеуінің нәтижесі
экономикалық, әлеуметтік және экологиялық құрамдастарды қоса алғанда,
тұрақты даму принциптеріне негізделген. Тұрақты даму тұжырымдамасы
қазіргі ұрпақтың қажеттіліктері мен болашақ ұрпақ үшін ресурстарды сақтау
арасындағы теңгерімді қамтиды, бұл қалалық ортада инновациялық шешімдер
мен технологияларды біріктіруді талап етеді. Заттар интернеті, цифрлық
трансформация және интеллектуалды басқару сияқты теориялық модельдер
мұндай жүйелерді талдау мен жобалаудың негізгі құралдары ретінде қызмет
етеді.
Ақылды қалаларды зерттеудің әдістемелік тәсілдеріне жүйелік, пәнаралық
және жағдайлық талдау жатады. Жүйелік көзқарас қаланы өзара байланысты
ішкі жүйелерден тұратын біртұтас тұтастық ретінде қарастыруға мүмкіндік
береді: көлік, экология, экономика және әлеуметтік өзара әрекеттесу.
Пәнаралық көзқарас IT-технологиялар, урбанизм, экология және экономика
салаларындағы білімді біріктіреді, бұл кешенді шешімдерді жасауға мүмкіндік
береді. Үлкен деректерді талдау, модельдеу және болжау әдістері қалалық
процестерді оңтайландыру және өзгерістерге бейімделу үшін қолданылады.
Ақылды-технологияларды олардың тұрақты дамуға әсері тұрғысынан енгізудің
тиімділігін бақылау мен бағалауға ерекше көңіл бөлінеді.
123