Page 114 - Dissertation
P. 114
жеткілікті министрлігінің жүйеге айналдыру
интеграцияланбауы стандарттары мен
ұсыныстары [99 б.
5].
6 Жобалардың іске «Мемлекеттік Уақытша Әрбір Smart City
асыру мерзімдері мен жоспарлау жүйесі кешігулер, бастамасына
жауапты тұлғалар туралы» ҚР жауапкершіліктің жауапты тұлғалар
туралы нақты Президентінің нақты болмауы мен мерзімдерді
ақпараттың болмауы Жарлығы [175 б. Turkestan Smart
3]. City сайтында
ашық көрсету
7 Smart City ҚР 2025 жылға Бағалау Жобаларды нақты
жобаларының ұлттық дейінгі Ұлттық мүмкіндігінің KPI (негізгі
немесе өңірлік даму жоспары; ҚР жоқтығы көрсеткіштер)
индикаторлармен Smart City арқылы бағалау
байланысының эталондық жүйесін енгізу
болмауы стандарты [7 б. 6]. және оны ашық
жариялау
Түркістан қаласындағы Smart City жобаларын жүзеге асырудағы
кездесетін мәселелер мемлекеттік реттеу мен тұрақты дамудың негізгі
принциптеріне тікелей қатысты. Мемлекет өз азаматтарының өмір сапасын
арттыру, олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында
әртүрлі цифрлық және инновациялық жобаларды жүзеге асыруы қажет. Бірақ,
бұл процесте тек қана технологиялық жетістіктер емес, сондай-ақ басқару
жүйесінің тиімділігі мен ашықтығы да үлкен рөл атқарады.
Мемлекеттік реттеу бұл елдің даму стратегиясына сай келетін
мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оны іске асыру. Түркістан қаласында
Smart City жобаларын жүзеге асыру барысында кездесетін проблемалар да,
негізінен, тиімді мемлекеттік реттеу жүйесінің жетіспеушілігін көрсетеді. Бұл
жерде ақпараттың ашықтығының болмауы, қоғамдық бақылаудың әлсіздігі,
бюджеттік есептіліктің жабықтығы, және жобалардың мерзімдері мен жауапты
тұлғалар туралы нақты ақпараттың жоқтығы көрінеді. Мұндай мәселелер, өз
кезегінде, қала тұрғындары мен инвесторлар арасында сенімсіздік тудырып,
қаланың даму процесінің тиімділігін төмендетеді. Тұрақты даму принциптері
экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салалардағы теңгерімді және ұзақ
мерзімді даму бағыттарын қамтамасыз ету. Smart City жобалары осы
принциптерді іске асыру үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынады, алайда олар тек
дұрыс реттелген және ұйымдастырылған жағдайда ғана тиімді болады.
Мәселен, қала инфрақұрылымын цифрландыру, қоғамдық қызметтердің
тиімділігін арттыру, ресурстарды үнемді пайдалану және қалалық ортаға
қатысты экологиялық мәселелерді шешу үшін осы бағыттағы жобаларға ашық
мониторинг пен бақылау қажет. Егер мемлекеттік реттеу жүйесі осы
мәселелерге дұрыс жауап бермесе, онда тұрақты даму мақсаттарына жету қиын
болады.
Сондықтан, Түркістан қаласындағы Smart City жобаларын тиімді әрі тұрақты
дамыту үшін келесі қадамдарды ұсынуға болады:
114