Page 113 - Dissertation
P. 113

Түркістанның ақылды қала тұжырымдамасы тұрғындарға, туристерге және
                  кәсіпкерлерге   жаңа   мүмкіндіктер   ұсынатын,   технологияға   негізделген
                  экожүйені   құруға   бағытталған.   Қаладағы   инновациялық   шешімдер   мен
                  экологиялық   таза   технологиялар   инфрақұрылымның,   экономиканың   және
                  әлеуметтік саланың  дамуын  қамтамасыз  етіп, Түркістанды заманауи өмірге
                  бейімделген әрі халықаралық деңгейде танымал қалаға айналдырады.
                        Түркістан   қаласы   үшін   заңдар   мен   нормативтік   құжаттарға   енгізілген
                  өзгерістер   қаланың   тұрақты   дамуына,   цифрландыруға   және   халықтың   өмір
                  сапасын   жақсартуға   әсер   етеді.   Мемлекеттік   реттеу   арқылы   қала
                  инфрақұрылымы   жаңарып,   тұрғындардың   қажеттіліктеріне   жауап   беретін
                  жүйелер іске қосылады. Бұл қала дамуын жаңа деңгейге көтеріп, 16-кестеде
                  Түркістанды заманауи, қауіпсіз және қолайлы қалаға айналдырады.
                        Кесте – 16. Түркістан Smart  City жобаларына байланысты заңнамалық
                  оқылықтар және ақпараттық ашықтық мәселелері


                  №          Мәселелер              Нормативтік       Түркістан қаласына        Ұсыныстар /
                                                 құжат немесе заң             әсері            шешу жолдары
                  1   Turkestan Smart City       «Ақпаратқа қол       Тұрғындар мен          Сайтты
                      ресми сайты жоқ,           жеткізу туралы»      инвесторлар үшін       толыққанды
                      нақты мәліметтер,          ҚР Заңы              ашықтықтың             контентпен
                      статистика, жоба           [171 б. 6].          болмауы,               толтыру; жоба
                      нәтижелері бойынша                              сенімсіздік артуы      барысы,
                      ақпараттын болмауы                                                     статистика,
                                                                                             жоспарлар және
                                                                                             есептерді ашық
                                                                                             жариялау
                  2   Жергілікті басқару         «Қоғамдық            Халықтың               Жоба алдында
                      органдарының               кеңестер туралы»     ұсыныстары             қоғамдық
                      тұрғындармен кері          ҚР Заңы [172 б.      ескерілмейді,          тыңдаулар өткізу;
                      байланысының               8].                  жобалар шынайы         тұрғындардан
                      жеткіліксіздігі                                 қажеттіліктерге        онлайн
                                                                      сәйкес келмейді        сауалнамалар
                                                                                             жинау
                  3   Жобалардың жүзеге          «Мемлекеттік         Бақылаудың             Smart City
                      асуы туралы                қызметтер            болмауы,               порталында
                      деректердің ашық           туралы» ҚР Заңы      қаржының тиімсіз       онлайн бақылау
                      мониторингі жоқ            [173 б. 6].          жұмсалуы               және есеп беру
                                                                                             құралдарын енгізу
                  4   Жергілікті бюджет          Бюджет кодексі,      Қоғамдық сенімнің      Қаржының
                      есебінен жасалған          ҚР «Мемлекеттік      төмендеуі              жұмсалуы мен
                      жобалар жайлы ашық         сатып алу                                   сатып алу
                      есептіліктің болмауы       туралы» Заңы                                процесін нақты
                                                 [174 б. 7].                                 онлайн бақылау
                                                                                             жүйелері арқылы
                                                                                             жариялау
                  5   Қалалық                    Цифрлық даму,        Жобалардың             Smart City
                      инфрақұрылымның            инновациялар         тиімділігі төмен,      платформасын
                      цифрлық                    және аэроғарыш       ақпарат алмасу баяу бірыңғай
                      платформалармен            өнеркәсібі                                  интеграциялық

                  113
   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118