Page 111 - Dissertation
P. 111
қамтамасыз ету. Болашақта 5G технологиясын енгізу арқылы Түркістанның
цифрлық инфрақұрылымын жақсарту.
Wi-Fi аймақтары: Қоғамдық саябақтар, мәдени орындар мен қала
орталығындағы тегін Wi-Fi аймақтарын құру, қала тұрғындары мен туристерге
қолжетімді интернет қызметін ұсыну.
Ақылды көше шамдары: Күн сәулесімен зарядталатын және энергия
үнемдеу мақсатында қозғалысты бақылайтын сенсорлармен жабдықталған
көше шамдарын орнату.
2. Қоғамдық қауіпсіздік және құқық қорғау
Бейнебақылау жүйесі: Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз
ету үшін қоғамдық орындарда бейнебақылау камераларын орнату, бұл
ақпараттарды орталықтандырылған қауіпсіздік қызметтері арқылы бақылау.
Ақылды дабыл жүйесі: Төтенше жағдайларда жедел әрекет ету үшін
тұрғындарды хабарландыру жүйесі, жедел жәрдем, полиция және өрт сөндіру
қызметтерімен байланыс орнату.
Деректерді қорғау және басқару орталығы: Қалалық деректерді сақтау
мен басқаруға арналған орталық құру, жеке және қоғамдық қауіпсіздік
мәліметтерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
3. Экологиялық тұрақтылық
Энергия тиімділігі: Қоғамдық мекемелер мен тұрғын үйлерде энергия
үнемдеуші технологияларды орнату, бұл жылу және электр энергиясын
үнемдеуге септігін тигізеді.
Жаңартылатын энергия көздері: күн, жел және биогаз секілді
экологиялық таза энергия көздерін қолдану, мысалы, күн панельдерін қоғамдық
орындарға және жол жиектеріне орнату арқылы қалада жаңартылатын
энергияны пайдалану.
Ақылды су және қалдықтарды басқару: Су ресурстарын үнемдеу
мақсатында ақылды су есептеуіштерін орнату және тұрмыстық қалдықтарды
автоматты түрде бөлу мен өңдеу жүйесін енгізу.
4. Қоғамдық көлік және қозғалыс
Ақылды көлік жүйесі: Автобус пен басқа да қоғамдық көліктердің
қозғалысын GPS арқылы бақылау, оларды оңтайландыру үшін «ақылды
бағдаршамда» жүйесін енгізу. Бұл қаладағы көлік қозғалысын реттеуге және
көлік кептелісін азайтуға мүмкіндік береді.
Көлік тұрақтары және электромобильдер инфрақұрылымы: Ақылды
тұрақ жүйелерін енгізу, сонымен қатар, электромобильдерге арналған
қуаттандыру станцияларын орналастыру.
Қоғамдық көлікті цифрландыру: жол жүру билеттерін мобильді
қосымша арқылы сатып алу және төлем жасау мүмкіндігін енгізу, көліктік
қызметтердің тиімділігін арттыру.
5. Сандық қызметтер және электрондық үкімет
Цифрлық үкімет: мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа
көшіру арқылы тұрғындарға қызмет көрсету уақытын қысқарту, барлық қажетті
құжаттар мен қызметтерді онлайн қолжетімді ету.
111