Page 5 - Документ
P. 5

Статистикалық  деректерді  талдау  қорытындысы  бойынша  жұмыстарды
            мемлекеттік  сатып  алу  шеңберінде  ұсынылатын  жергілікті  қамту  туралы
            жеткізушілердің есептерінде сəйкессіздіктер анықталды. Осылайша, ұсынылған
            есептердің дұрыс еместігі туралы қорытынды негізделді, бұл дұрыс емес басқару
            шешімдерін қабылдау қаупін тудырады.
                   3. Жоғарыда аталған үш аспект бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып
            алу  процесіне  жүргізілген  талдау  нəтижесінде  статистикалық  ақпаратты
            автоматтандырылған  жинауды,  стейкхолдерлер  үшін  қажетті  ақпараттың
            сапасын  жəне  қолжетімділігін  бақылауды  (сұраныс  көлемі,  ұсыныс  көлемі,
            орташа нарықтық бағалар жəне т.б.) қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алу
            стейкхолдерлерінің өзара қарым-қатынас моделі əзірленді.
                   4.  Қазіргі  уақытта  мемлекет  жергілікті  қамту  туралы  есептерге
            оңайлатылған талдау жүргізуде. Ол тек жыл қорытындысы бойынша жүргізіледі,
            бұл басқарушылық шешімдерді уақтылы қабылдамау тəуекеліне əкеп соғады.
                   Осыған  байланысты  жергілікті  қамтуды  дамыту  саласында  мониторинг
            жүргізу  жəне  басқару  шешімдерін  қабылдау  үшін  пайдаланылатын  деректер
            моделі қалыптастырылды.
                   Ғылыми нəтижелер. Бұл докторлық диссертация мемлекеттік сатып алу
            стейкхолдерлерінің  олардағы  жергілікті  қамтуды  дамыту  контекстіндегі  өзара
            қарым-қатынасын  сипаттайтын  отандық  ғылымның  алғашқы  ғылыми
            еңбектерінің  бірі  болып  табылады.  Ол  зерттеу  объектісі  мен  пəнінің  бірегей
            үйлесімімен  ерекшеленеді,  ал  зерттеу  нəтижелері  жергілікті  қамтуды  дамыту
            проблемаларын  анықтауға  жəне  ішкі  бəсекелестікті  дамыту  жəне  сатып  алу

            стейкхолдерлерінің коммуникация деңгейін арттыру арқылы жергілікті қамтуды
            талап  етудің  орнына  оның  дамуының  ынталандыруға  көшуді  негіздеуге
            мүмкіндік берді. Сонымен қатар, деректерге негізделген шешім қабылдау тəсілін
            қолдану ұсынылады жəне қажетті деректердің нақты түрлері, сондай-ақ оларды
            жинау жəне сақтау архитектурасы келтірілген.
                   Болжалды практикалық нəтижелер. Зерттеу қорытындылары бойынша
            əзірленген ұсыныстарды қабылдау мемлекеттік жəне өзге де реттелетін сатып
            алулардағы  жергілікті  қамту  үлесін  арттыруға,  соның  салдарынан  бизнес
            белсенділігін  арттыруға  жəне  ұлттық  экономиканы  əртараптандыруға  ықпал
            ететін болады.
                   Зерттеу  нəтижелерін  сынақтан  өткізу  жəне  енгізу.  Диссертациялық
            зерттеу  шеңберінде  6  ғылыми  жұмыс  жарияланды,  оның  ішінде:  SCOPUS
            компаниясының дерекқорына кіретін журналда 1 мақала; ҚР ҒЖБМ БССҚЕК
            ұсынған  журналдарда  4  мақала  жəне  халықаралық  ғылыми-практикалық
            конференция шеңберінде 1 баяндама.
                   Сонымен  қатар,  тəжірибеден  өту  қорытындысы  бойынша  "QazIndustry"
            Қазақстандық  индустрия  жəне  экспорт  орталығы"  АҚ-да  жергілікті  қамтудың
            дамуын қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік сатып алу процесін жетілдірудің
            ұсынылған шаралары бойынша енгізу актісі алынды.
   1   2   3   4   5