Page 2 - Документ
P. 2
- мемлекеттік ұйымдар: 5 трлн. теңге сомаға сатып алу кезінде жергілікті
қамту 46,1%;
- ұлттық компаниялар: 5,1 трлн. теңге сомаға сатып алу кезінде жергілікті
қамту 70,9%.;
- жер қойнауын пайдаланушылар: 6 трлн. теңге сомаға сатып алу кезінде
жергілікті қамту 56,4%. [4].
Нормативтік құқықтық актілерді талдау нəтижелерінен жалпы барлық
реттелетін сатып алу процестері ұқсас екендігі шығады. Алайда,
квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып
алуларымен салыстырғанда, мемлекеттік сатып алуларда отандық ТЖҚ
өндірушілерін қолдау бойынша пəрменді шаралар саны аз, бұл олардағы
жергілікті қамтудың ең аз үлесін түсіндіреді. Осыған байланысты жергілікті
қамтуды дамыту проблемаларын мемлекеттік сатып алу мысалында зерделеу
керек.
Қазақстанның ЖІӨ-дегі мемлекеттік сатып алу үлесі 6,6% -. құрайды, бұл
экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы (ЭЫДҰ) мемлекеттеріндегі
осы көрсеткіштің орташа деңгейінен салыстырмалы түрде төмен. Сонымен бірге,
мемлекеттік сатып алу мемлекеттік бюджет шығыстарының жалпы көлемінің
43% құрайды, бұл ЭЫДҰ бойынша орташа деңгейден көп [5].
Жергілікті өндірісті дамыту үшін сұраныстың осындай көлемін пайдалану
отандық өңделетін өнеркəсіпті қолдау жөніндегі міндеттерді орындауға жəне
экономиканы əртараптандыру жөніндегі стратегиялық мақсатқа қол жеткізуді
жеделдетуге мүмкіндік береді.
Осылайша, мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамтуды дамыту
проблемаларын зерттеу халықаралық келісімдер шеңберінде Қазақстанның
шектелуі жағдайында одан да өзекті болып отыр.
Зерттеу мəселесінің ғылыми дамуы. Бұл диссертациялық зерттеу екі
негізгі аспектіні қамтиды: мемлекеттік сатып алу жəне жергілікті қамту. Егер
мемлекеттік сатып алу саласын көптеген зерттеушілер жеткілікті терең зерттеген
болса, жергілікті қамтуды дамыту мəселелерін зерттеу айтарлықтай сирек
кездеседі.
Сонымен қатар, жергілікті қамтуды дамыту мəселелерін зерттеудің көп
бөлігі капиталды көп қажет ететін, бұл деген сұраныстың үлкен көлемін құратын
мұнай өндіру саласымен байланысты. Мысалы, Kragelund, Weldegiorgis,
Dietsche, Franks, Nwapi, Heum, Abe, Hassel, Kalyuzhnova, Azhgaliyeva, Belitski,
Nygaard, Omarov, Saparbayev, Kazzazi, Nouri жəне басқалардың зерттеулері [6-
15].
Зерттеушілердің бұл тақырыпқа деген қызығушылығының салыстырмалы
түрде төмен болуының бір себебі - оның бəсекелестікке нұқсан келтіретін
шетелдік өндірушілерді кемсітуге ұқсастығы (Grossman, Evenett, Fritz, Yalcin,
Kinzius, Felbermayr жəне т.б.) [16-18]. Алайда, осы диссертациялық зерттеу
барысында бəсекелестікке кедергі келтірмейтін, керісінше оны дамытатын
жергілікті қамтуды дамыту мүмкіндіктері анықталды.
Мемлекеттік сатып алу саласын зерттеу кезінде ғалымдар негізінен
олардың тиімділігін бюрократия, ашықтық жəне сыбайлас жемқорлық