Page 3 - Документ
P. 3

көріністерінің  деңгейімен  байланыстырады  (Nemec,  Grega,  Enviska,  Basheka,
            Kabatereine,  Junusbekova,  Khamitov  жəне  т.б.)  [19-22].  Сондай-ақ,  авторлар
            мемлекеттік сатып алуды қоршаған ортаны қорғау, əлеуметтік теңсіздік, шағын
            жəне  орта  кəсіпкерлікті  дамытуды  ынталандыру  жəне  т.б.  саласындағы
            проблемаларды  шешуге  бағытталған  əртүрлі  мемлекеттік  саясатты  іске  асыру
            құралы ретінде қарастыруда (Singh, Chan, Понаморев, Саклеев, Иванова жəне
            т.б.) [23-26].
                   Бұл  ретте  мемлекеттік  сатып  алуларда  жергілікті  қамтуды  дамыту
            мəселелері қазіргі ғылыммен жеткіліксіз қамтылған күйінде қалып отыр.
                   Зерттеудің мақсаты мемлекеттік сатып алу процесін олардағы жергілікті
            қамтуды  дамыту  тұрғысынан  мемлекеттік  реттеуді  жетілдіру  бойынша  нақты
            ұсынымдар əзірлеу, оның ішінде сатып алу процесінің стейкхолдерлерінің өзара
            қарым-қатынас моделін ұсыну болып табылады.
                   Стейкхолдерлер деп тапсырыс беруші, жеткізуші, отандық тауар өндіруші
            жəне халықты бенефициар ретінде білдіреді.
                   Зерттеудің ғылыми тапсырмаларына мыналар кіреді:
                   -  мемлекеттік  сатып  алудағы  жергілікті  қамту  талап  ету  мемлекеттік
            саясатының  теориялық  аспектілерін  зерделеу  жəне  оның  Қазақстан
            Республикасында қолдану пішінін айқындау;
                   -  реттелетін  сатып  алулардағы  жергілікті  қамту  туралы  статистикалық
            деректерді талдау;
                   - жергілікті қамтуды дамыту жүйесін жəне мемлекеттік сатып алу процесін
            талдау;

                   -  мемлекеттік  сатып  алу  процесін  жəне  тұтастай  алғанда  жергілікті
            қамтуды дамыту жүйесін жетілдіру бойынша ұсынымдар əзірлеу.
                   Зерттеу объектісі - жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
            процесі.
                   Зерттеу  пəні  -  жұмыстарды  сатып  алу  кезінде  мемлекеттік  сатып  алу
            стейкхолдерлерінің арасында туындайтын өзара қарым-қатынас.
                   Зерттеу  əдістері.  Зерттеу  барысында  жалпы  ғылыми  танымның  түрлі
            əдістері,  салыстырмалы  талдау,  экономикалық-статистикалық  жəне  құқықтық
            талдау əдістері қолданылды.
                   Қазақстанда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру процесін, оның ішінде
            Қазақстан  Республикасының  заңдары  мен  заңға  тəуелді  актілерін  реттейтін
            нормативтік-құқықтық база құқықтық талдаудан өтті.
                   Сондай-ақ шетелдік жəне қазақстандық авторларға əдеби шолу жасалды.
            Салыстырмалы талдау əдісімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып
            алуларында ЖҚТ-ның əлсіз жақтары анықталды. Бұдан басқа, талдау объектісі
            мен пəнін айқындау кезінде ЭЫДҰ ұсынымдары назарға алынды.
                   Мемлекеттік сатып алу жəне оларды өңдеу туралы қажетті деректерді алу
            кезінде  зерттеудің  логикалық,  салыстырмалы  əдістері,  корреляциялық  талдау
            пайдаланылды.  Статистикалық  талдау  жүргізу  барысында  зерттеу  объектісі
            ретінде жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды таңдау негізделеді. Мемлекеттік
            сатып  алу  жүйесін  талдау  үшін  эмпирикалық  зерттеу  базасы  ретінде  келесі
            ұйымдардың статистикалық деректері пайдаланылды:
   1   2   3   4   5