Page 4 - Документ
P. 4
- Мемлекеттік сатып алу порталының мемлекеттік операторы болып
табылатын "Электрондық қаржы орталығы" АҚ;
- Жергілікті қамту тұрғысынан реттелетін сатып алуларды талдау бойынша
функцияларды орындайтын "QazIndustry" қазақстандық индустрия жəне экспорт
орталығы " АҚ;
- Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму
министрлігі жергілікті қамтуды дамыту саласындағы уəкілетті орган ретінде.
Жергілікті қамтудың дамуын қамтамасыз етудің қолданыстағы жүйесін
бағалау үшін, сонымен қатар проблемаларды жəне оларды шешу жолдарын
анықтау үшін сараптамалық сауалнама жүргізілді. Нəтижесінде алынған
деректер Qlik Sense сервисі арқылы өңделді.
Жоғарыда айтылғандардан басқа, Қазақстан Республикасы Индустрия
жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қаржы министрлігінің (Мемлекеттік
сатып алу Веб-порталы), Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
істері комитетінің (Е-ЖСҚ,
Е-Qurylys) қолданыстағы цифрлық платформалары талдаудан өтті.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- Қазақстан Республикасында жергілікті қамтудың дамуын қамтамасыз
етудің қолданыстағы жүйесін сипаттау жəне талдау;
- жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың ақпараттық
өзара іс-қимыл схемасының сипаттамасы;
- мемлекеттік сатып алу стейкхолдерлерінің өзара қарым-қатынас моделін
əзірлеу, олардағы жергілікті қамтуды дамыту үшін жағдай жасау;
- жергілікті қамтуды дамыту саласында мониторинг жүргізу жəне
басқарушылық шешімдер қабылдау үшін пайдаланылатын деректер моделін
қалыптастыру.
Қорғауға ғылыми жаңашылдық элементтері бар мынадай ережелер
енгізіледі:
1. Қазақстан Республикасында жергілікті қамтудың дамуын қамтамасыз
етудің қолданыстағы жүйесі міндеттеме мен бақылауға негізделген. Мұндай
тəсілдің тиімділігі мемлекет жүргізіп жатқан халықаралық интеграцияларға
(ДСҰ, ЕАЭО) байланысты айтарлықтай төмендеді. Сонымен қатар, қойылған
міндеттемелердің орындалуын бақылау сапасының төмен екені байқалады.
Жергілікті қамтуды дамытудың мемлекеттік саясатының теориясын
зерделеу қорытындысы бойынша салыстырмалы талдау əдісімен əдебиеттер мен
халықаралық тəжірибеге шолу жүргізу арқылы тиісті саясатта талап етудің
орнына ынталандыруға баса назар аудару ұсынылды. Сондай-ақ реттелетін
сатып алуларда жергілікті қамтуды дамытуға əсер ететін аспектілер (сапа, ішкі
бəсекелестік жəне коммуникация) айқындалды.
2. Мемлекеттік сатып алуларда жергілікті қамту туралы деректерді
жинаудың пайдаланылатын жүйесі толығымен қолмен қалыптастырылатын
жеткізушілердің есептерін ұсынуға негізделген. Жұмыстарды орындау кезінде
пайдаланылатын тауарлардың көп болатынын ескере отырып, дұрыс емес есеп
беру қаупі жоғары.