Page 1 - Документ
P. 1

«8D04113 – Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша
            доктор  дəрежесін  алу  үшін  ұсынылған  «Қазақстан  Республикасында
            жергілікті  қамтуды  дамытудың  мемлекеттік  саясаты»  тақырыбындағы
            Қазақстан  Республикасы  Президенті  жанындағы  Мемлекеттік  басқару
            академиясының  докторанты  Дəулет  Бекбатырұлы  Есмағамбетовтың
            диссертациялық жұмысына

                                                         АҢДАТПА

                   Таңдалған  тақырыптың  өзектілігі.  Экономиканы  əртараптандыру
            "Қазақстан  –  2050"  Стратегиясын,  Қазақстан  Республикасының  2025  жылға
            дейінгі Стратегиялық даму жоспарын [1] жəне "Қазақстандықтардың əл-ауқатын
            арттыруға  бағытталған  тұрақты  экономикалық  өсу"  ұлттық  жобасын  қоса
            алғанда,      Қазақстан       Республикасының           көптеген       стратегиялық        жəне
            бағдарламалық құжаттарында көзделген аса маңызды мақсаттардың бірі болып
            табылады  [2].  Осы  мақсатқа  қол  жеткізу,  басқалармен  қатар,  отандық  өңдеу
            өнеркəсібін  қолдау  жəне  олардың  бəсекеге  қабілеттілігін  арттыру  арқылы
            болжанады.
                   Қазіргі уақытта мемлекет мемлекеттік органдардың (оларға ведомстволық
            бағынысты  ұйымдарды  қоса  алғанда),  квазимемлекеттік  ұйымдардың  жəне
            қатты  пайдалы  қазбаларды,  көмірсутектер  мен  уранды  жер  қойнауын
            пайдаланушылардың сатып алуларын реттейді. Бұл ұйымдар сатып алу кезінде
            əртүрлі  өнімдерге  айтарлықтай  сұраныс  тудырады,  оны  отандық  тауар,

            жұмыстар жəне қызметтердің өндірушілерін қолдау үшін пайдалануға болады.
            Жұмсалған қаражаттың тиімділігін оларды қолдау тұрғысынан сатып алудағы
            жергілікті қамту үлесі бойынша бағалауға болады.
                   Жоғарыда  аталған  ұйымдардың  сатып  алуларындағы  жергілікті  қамту
            үлесі 2021 жылы 56,1% құрады, бұл 2010 жылғы көрсеткіштен (48,2%) жоғары,
            бірақ 2014 жылғы ең жоғары көрсеткіштен (63,2%) төмен. [3]
                   Мұндай  динамика  Қазақстанның  халықаралық  интеграция  шеңберінде
            міндеттемелерді  қабылдауына  байланысты  отандық  өндірушілерді  қолдау
            бойынша бірқатар преференциялардың (шартты жеңілдіктер, басым сатып алу,
            отандық жеткізушілер үшін бір көзден сатып алу) жойылуымен түсіндіріледі.
                   ДСҰ  мен  ЕАЭО-дағы  мүшелікті  ескере  отырып,  Қазақстан  барлық
            қатысушы  елдердің  өндірушілері  үшін  тең  жағдайларды  сақтауға  міндетті.
            Сондай-ақ, алып қоюлар тізбесіне сəйкес бірқатар тауарларға қатысты кедендік
            əкелу  баждарының  мөлшерлемелерін  төмендету  бойынша  міндеттемелер
            қабылданды.
                   Талдау  көрсеткендей,  жергілікті  қамту  үлесі  2014  жылғы  деңгейде
            сақталған жағдайда ел экономикасына жыл сайын орта есеппен 1,6 трлн теңге
            қосымша түсуі мүмкін [3]. Яғни, 8 жыл ішінде Қазақстан экономикасы 12,8 трлн.
            теңге жіберіп алды.
                   Субъектілер бойынша 2021 жылғы реттелетін сатып алулардағы жергілікті
            қамту үлесі келесі түрде бөлінген:
   1   2   3   4   5